Неке бұзу

Неке бұзу

         Қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі – ажырасу. Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Қазақстанда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқауға болады. Дегенмен, ресми деректер ажырасудың да азаймай тұрғанын көрсетіп отыр.

1 қыркүйек 2023 жылдан  бастап балаларға қатысты барлық мәселелер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарға,соның ішінде некені бұзу туралы істерді қарауға берілді. 2023 жылдың 01 қыркүйектен 01 қараша аралағындағы статистикаға жүгінсек, Орал қаласы бойынша 472  неке бұзу туралы арыз тіркелген, онын ішінде 99 неке бұзылған.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі –зайыптылар арасындағы некені бұзуда қөрсетілетін негіздер келесидей болып саналады: 1. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы, ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі. 2. Егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:

1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға

3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;

4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға;

5) ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті.

         Некені екі жолмен бұзуға болады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы бөлімі арқылы немесе сот арқылы. Осы жолдардың әрқайсысының өз шарттары бар.

          Ерлі-зайыптылардың екеуі де келіскен кезде, кәмелетке толмаған ортақ балалары болмаған кезде және олардың өзара, соның ішінде мүлікке қатысты даулары болмаған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына жүгінуге болады.

Бұл ретте, кәмелетке толмаған балалардың болуына не болмауына қарамастан, егер ерлі-зайыптылардың біреуін сот хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілеті шектеулі не әрекетке қабілетсіз деп таныса, сондай-ақ егер қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына неке бұзылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған шарттар орындалса, ажырасу туралы өтінішті eGov.kz порталының электрондық қызметі арқылы онлайн режимінде беруге болады.

Сотта неке бұзылғаннан кейін куәлік алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы бөлімі органына жүгінудің қажеті жоқ, өйткені тіркеу рәсімі автоматтандырылған және соттан алынған мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасында оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

Некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде тегі өзгерген кезде азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды айырбастауға міндетті. Өзгертілген тегіне жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде береді.

Сот некені бұзу туралы талап қоюмен жүгінген тараптарды татуластыруға бар мүмкіндік жасайды. Алайда, барлық отбасыны сақтап қалу мүмкін емес екені түсінікті. Талдау көрсеткендей, ажырасудың негізгі себептері – балаларының, баспанасының болмауы, тұрақты жұмысының жоқтығы, ерлі-зайыптылардың бірінің ішімдікке, есірткіге, құмар ойындарға тәуелділігі, көзге шөп салу, татулық таба алмау. Отбасының мемлекетті құраушы фактор екені белгілі. Кемеңгер бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Халқымыз «ақ неке», «адал неке», «адал жар» деген ұғымдармен отбасының, некенің қасиеттілігін ардақтап келеді. Отбасы шағын мемлекет болғандықтан қоғамда отбасын құру, оны сақтау мәселесі өзектілігін ешқашан жоймақ емес. Отанды құрайтын отбасы құндылықтарының бұзылуына жол бермеу еліне жанашыр әрбір азаматтың міндетіне айналуы тиіс.

БҚО кәмілетке толмағандардың істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман - сот отырысының хатшысы А.Е.Сулейменова

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив