Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі

Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі

Қазіргі заман бұл электронды технологияның дамыған кезеңі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану — сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық.

Осылайша, сот жүйесіндегі жаңа технологиялардың қатарына «Сот кабинеті» сервисін жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде сот органдарымен электронды хат алмасу мүмкіндігі туындап отыр, бұл заңды, жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға да қолжетімді.

Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Жеке және заңды тұлғалар немесе олардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.

«Сот кабинетіне» тіркелу ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады.«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» тіркелу рәсімінен өткеннен кейін:

1) талап арызбен;

2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;

3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;

4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.

Сотқа ұсыну үшін арыз мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал)

Әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс. Файлдардың саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.

Осы сервистің негізгі ерекшелігі, азамат, оның өкілі, қорғаушы немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, жұмыс орнынан, үйінен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы тәулігіне 24 сағат бойы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады, электрондық түрде апелляциялық немесе кассациялық шағым, өтініштер мен қарсылықтар келтіруіне және сот актісін басып шығарып алуына мүмкіндігін береді.

Қазіргі таңда  Жаңақала аудандық сотына заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. 

С.Танатарова

Жаңақала аудандық сот әкімшісінің бас маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив