Сот кабинетінің мүмкіншілігі кеңейуде

Сот кабинетінің мүмкіншілігі кеңейуде

Қазақ халқының көрнекті ағартушы –ғалымы, алғашқы ұстазымыз Ы.Алтинсарин технологиясы дамыған елдерді бізге үлгі тұтып:

Өнер –білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды,-деп жырлап кеткен.

 

Қазіргі заман бұл электронды технологияның дамыған кезеңі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану — сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық.

Осылайша, сот жүйесіндегі жаңа технологиялардың қатарына «Сот кабинеті» сервисін жатқызуға болады.
Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі, азамат, оның өкілі, қорғаушы немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, жұмыс орнынан, үйінен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы тәулігіне 24 сағат бойы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады, электрондық түрде апелляциялық немесе кассациялық шағым, өтініштер мен қарсылықтар келтіруіне және сот актісін басып шығарып алуына мүмкіндігін береді. Заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі қарастырылған.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін, Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың «sud.kz» ресми сайтында іске қосылған.
Ол соттың да, сотқа жүгінген азаматтың да уақыты мен жұмысын азайтады, себебі электрондық операцияларға 3-5 минуттан ғана уақыт жұмсалады, бұл азаматтың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға қатысты біршама жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді екені көз жеткізіп отырмыз.
Сот кабинеті енгізілгенінен бастап, оның ыңғайлылығына байланысты, қоғам тарапынан пайдаланушылардың саны көбеюде.

Қорыта келгенде, бүгінгі бәсекелестік заманның талабына сай, жоғары деңгейлі соттың кәсіби біліктілігінің бірден-бір шарты ретінде, қарқынды қадам басып келе жатқан, электрондық ақпараттандыру мен жоғары технологиялардың сот корпусымен бірегей үйлесімділігін айтуға болады.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

кеңсе меңгерушісі А.Кульманова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив