«Сот кабинеті» электрондық ақпарат сервисі

«Сот кабинеті» электрондық ақпарат сервисі

Сот жүйесі – мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік және саяси жаңғыруы  жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың принципті кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады. Ал, сот жүйесіндегі жаңа технология жетістіктеріне келер болсақ, заманауи технология сот жүйесіне көптеген артықшылықтар алып келді. Қарапайым азаматтардың сотпен байланысы жанданды. Жаңа технологияларға тоқталып өтсек, яғни «Сот кабинеті» электрондық ақпарат сервисі, сот мәжіліс залдарының дыбыс-бейне жазу, сотқа электронды шақырту қағазы, гибридтік  электрондық пошта  жүйесі  іске  қосылды.

Республика судьяларының VI съезінде Тұңғыш Президентіміз әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе эектронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын. Міне, бүгінгі күні ҚР азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті»  ақпараттық жүйесі іске қосылды. Азаматтар осы ақпараттық сервистің арқасында өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады. «Сот кабинеті»  бұл – сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді  біртұтас терезе. Бұл жоба сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен жалпы соттың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда  «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде ұсынуға мүмкіндік туды. Осының нәтижесінде  талап арыз беру, сот отырысы хаттамасының көшірмесін алу, сот отырысы хаттамасына ескерту беру осы сервис арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы талап арыздар мен арыздар түсуде.

Сот  жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, төрешілдік тосқауылдарды жояды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, азаматтардың уақытын және қаражатын үнемдейді, халықтың сот жүйесінің жариялылығына және қолжетімділігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.Бүгінгі сот жүйесінің жұмысы барынша ашық, халыққа  қолжетімді. Мұндай жетістіктің кілті тереңде. Сот құрылымындағы оңды өзгерістер жаңа, тиімді реформалардың нәтижесі.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сот Әкімшісінің сот отырысының бас маманы-хатшысы

Н.К.Мажитова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив