Тіл – ұлттың тірегі

Тіл – ұлттың тірегі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.  Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген.

Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл сол мемлекеттің иесі болған халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі  - қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Мысалы: Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағазын жүргізу салаларында кең өрісін алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мәселесі - сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі.

2003 жылғы 15 қарашадағы жарлыққа сәйкес, қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі республикамыздың барлық сот жүйесінің бағдаршамына айналған.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен сот отырысында және қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Еліміздегі әр ұлт, әр азамат, мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс. Мемлекеттік тілде іс жүргізіп, бірінші заң орны, соның ішінде сот жүргізу ісі үлгі болу қажет.

Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.  

Ч.Г.Каныбеков 

Ақтөбе гарнизоны әскери соты

әкімшісінің аға сот приставы                                              

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив