«Мемлекеттік қызметшінің әдебі»

«Мемлекеттік қызметшінің әдебі»

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Өйткені мемлекеттік қызметкер қоғамның айнасы деуге болады. Сондықтан бізге қойылар талап та жоғары. Анығырақ айтар болсақ, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметкерлер әр кезде қызмет көрсетудің жоғары сапасына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби деңгейде көрсете білуі тиіс.

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен әділдігі, жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы-әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. 

Мұндай сенім мен құрметке ие болу үшін бір ғана кәсіби білімділік пен біліктілік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке міне-құлық мәселесі бар. Яғни қызметшінің кәсіби деңгейі мен жоғары адамгершілік, мәдениеттілік, адаммен дұрыс қарым-қатынас орнату сияқты қасиеттері қатар тұруы керек.

Мемлекеттік қызметкер азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде өз ойын дұрыс және дәлелді түрде баяндауы, сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтардың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру, толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмек көрсетуі тиіс. Шағым түскен жағдайда мемлекеттік қызметкер туындаған мәселені жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдау және болашақта ұқсас жағдайлардың алдын-алуы керек. Мұндай қарым-қатынас мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға, өзіне деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметші Әдеп кодексіне сай басшы және қол астындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолданушысымен әңгімелесуде сыпайылық танытып, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпараттарды жарияламауы қажет.   

 А.Ізбанова  

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала аудандық сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив