Медиация – мәміле алаңы

Медиация – мәміле алаңы

2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданады. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді.

 Қазіргі заманда дау көбейді. Оған бірден бір себеп – меншік түрлерінің молаюы, нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Азаматтар кез келген ұсақ түйек дау шармен сотқа жүгінетін болды. Облыс, аудандар бойынша сотқа түскен істердің 35 пайызын ұсақ түйек дау – шарлар құраған. Мысал ретінде, Маңғыстау облысын алатын болсақ. Маңғыстау облысында өткен жылы 5 айдың ішінде 170 азаматтық іс қаралған. Шығынды өндіріуге қатысты даулар бойынша 18 іс, ортақ мүліктегі үлесті анықтау бойынша 11 іс, неке бұзу туралы 53 іс, келісімшарт  дауларынан туындайтын даулар 20 іс, отбасына қатысты басқа да даулар бойынша 21 іс сот медиациясымен шешілген. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40 пайызы медиация рәсімімен шешілген. Олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Ресейде, Украинада дауларды соттан тыс қарау үрдісі қарқынды дамып келе жатқанын БАҚ беттерінен көріп отырмыз. Оларда медиация туралы немесе соған ұқсас заңдар қабылданған.

 Медиацияның пайдасының көп екендігін білеміз, бірақ өңірде осы медиация ұғымын онша түсінбейтіндер көп. Халық арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 20 адамның тек төртеуі ғана медиация туралы біледі екен. 

 МЕдиация термині латын тіліндегі геометриялық «медиана» - орта сызық деген ұғымды білдіреді. Қазақ ұғымымен сәйкестендірсек, медиатор – екі жаққа ортақ, дау дамайда айтысушы жақтарды мәмілеге келтіріп, тең шешеді.

 Сонымен медиация  - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен арадағы дауды реттеу рәсімі. Ал медиатор – кәсіби және кәсіби емес негізінде медиация жүргізуші үшін тараптар тартатын тәуелсіз тұлға. Азаматтық немесе қылмыстық үдеріс шегінен тыс жүзеге асырылатын медиация келісім жасағаннан бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Қажет болса, тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Дегенмен бұл мерзім жиынтығы алпыс күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Ерекше жағдайларда шешілетін даудың қиындығына байланысты қосымша ақпарат пен құжаттар қажет болған жағдайда медиацияны өткізу мерзімі тараптардың және медиатордың келісуімен отыз күнтізбелі күннен асырмай ұзартылуы мүмкін. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив