Мемлекеттік тіл - қызмет тілі

Мемлекеттік тіл - қызмет тілі

Бүгін 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні. Бұған дейін елімізде Қазақстан халқы тілдер күні 1998 жылғы 20 қаңтарда Президент Жарлығымен қыркүйектің 3-жексенбісі етіп бекітілген. 1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» заң қабылданып, 2017 жылы тілдер күні 5 қыркүйек деп бекітілді. Қазақстан халықтарының тілдер күнінің жаңа датасы  ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне (05.09.1872ж.) сәйкестендіріп таңдалып алынған.  Бұл қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов еңбегіне жасалынған құрметтің бір белгісі.

Өз заманында тіл жанашыры А.Байтұрсынов: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың  сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады», - деген. Демек, бүгінгі таңда барлық салада мемлекеттік тілді жүз пайыз қолдану мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелер үлкен мінберлерден де көтеріліп жүр.

Бүгінгі таңда, Сот әкімшілігі әскери соты департаментінің және гарнизондардағы әскери соттар әкімшілерінің сот қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысы талаптарына сәйкес, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бір ізге қойылған. Сот кеңсесіндегі шығыс хат-хабарлары, соттың ішкі құжаттары тек мемлекеттік тілде ресімделеді. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген мамандар жұмыс жасайтынын мақтанышпен айта аламын.

Мемлекеттік тіл - қызмет тілі.

Тіл жанашыры ретінде, сөзімді ақын Қадыр Мырза Әлидің: Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! – деген сөзімен аяқтай отырып, баршаңызды бүгінгі Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын. 

Э.М.Бимағанбетова

Қазақстан Республикасы

Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің

баспасөз қызметінің бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив