«Сотты құрметтемеу үшін жауапкершілік»

«Сотты құрметтемеу үшін жауапкершілік»

Елімізде сотты құрметтемеушілік салдары - Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» заңымен, Азаматтық кодекспен, Азаматтық процесстік кодекспен, Қылмыстық кодекспен, Қылмыстық процесстік кодекспен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерімен реттеледі.

Адамның тағдырын таразылау үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жауапкершілікті мемлекет атынан атқаратын ол- судья.

Сотты құрметтемеушілік - сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбау, орнынан сөйлеу, балағаттау, алкогольдік ішімдік ішкен күйде келу, сот отырысына себепсіз келмеу, сот актілерін орындамау әрекеттерінен туындайды.

Сот отырысына дер кезінде келмеген азаматтар сотқа қатысушылардың ғана емес, сонымен қатар судьяның да уақытын алып, жұмысына кедергі келтіреді. Ал, сотқа құрметтемеушілік білдіргендерге заң талаптарына сай жауапкершілік көзделетінін көпшілік біле бермейді. Баршаңызға белгілі, іс қаралған тараптар өз уәждерін айтып, әркім өзі таңдаған қорғау әдісін қолданады. Процеске шақырған уақытта келмей, қасақана істің қаралуын созбалаңға салатын жағдайлар да аз емес.

Ал енді осы ҚР ҚК-нің 410-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамын айқындап алсақ.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 410 бабының 1 бөлігінде сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрінген, сотты құрметтемеу бойынша қылмыстық жаза көзделген, сонымен бірге осы Кодекстің131-бабында да қорлау әрекеті үшін жаза көзделген. Осыған байланысты, сот отырысы басталғанға дейін немесе сот үзілісі кезінде сот залында отырған тараптар арасындағы осы әрекетті бір тұлғаның жасауы қай баппен дәрежеленуге жатады деген сұраққа жауап беретін болсақ, сот отырысы басталғанға дейін немесе сот отырысының үзілісі кезінде сот залында отырған тараптардың арасындағы бір-бірін қорлау әрекеттері сотты құрметтемеу деп танылмауы тиіс.

Осы әрекетке барған адамның мақсатына қарай ҚК-тің 131 бабында көзделген қылмыстың немесе басқадай қылмыстың бар-жоғын анықтап барып шешім қабылдау керек. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы ӘҚБ туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, сотты құрметтемеушілік білдіргені үшін: Ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) ‑ отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Азаматтық процесстік кодекстің 120-бабында, сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тарту тәртібі нақты көзделген.

Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындайды, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды.

Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі.

Құқық бұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген соттылыққа сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның, яғни сот приставының тiкелей сотты құрметтемеушілік іс-әрекеті бойынша анықталған фактіге қатысты соттың қызметтік хаты негізінде толтырылады.

Сот қаулысында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі қай сотта, қай күні, кімге қатысты, сот отырысына кімдер келгені туралы, қай бапқа қайшы әкімшілік заң бұзушылық орын алды, дәлелдемелер, қандай жаза қолданылғаны, риза болмаған жақтар сот қаулысына келіспеушілік келтіру тәртіптері анық және нақты түрде көрсетіледі. 

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы

А.О.Батырханов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив