«ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА»

«ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА»

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.

Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.

Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.

Қылмыс жасаудың да себептері әр түрлі. Біреулер қылмысты абайсызда жасаса, енді біреулері заңды білмеуден, енді бірі қасақана, тағы басқалары арақ, есірткі заттардың буынан қылмысқа барады. Жоқшылықтан қылмысқа баратын, керісінше баршылықтың, байлықтың арқасында не істерін білмей қылмысқа ұрынатындары да кездеседі. «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деген қанатты сөзді ұлы Абай осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтса да, өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтқан емес. 

 Қазіргі уақытта тағы бір назар аударатын нәрсе, жылдан-жылға қылмыс қатыгездігімен, шектен шыққан жүгенсіздігімен ерекшеленіп бара жатқаны. Сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын пайдалану, адам өлтіру, әйел зорлау, тонау, денеге ауыр жарақат салу, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық сияқты қылмыстардың көбеюі. 

Қылмысқа жауап – ол жаза қолдану, сонымен бірге жаза қолдану – қоғамды қылмыстан сақтайтын және жаңа қылмыстың жасалуына жол бермеудің қажетті құралы. 

 Жаза – кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы біздің Ата заңымызда да айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, ол үшін қоғам алдында жауап береді. Қолымен істегенді – мойнымен көтеру қажет.

   Қорыта айтқанда, қылмысқа барған адам оның бір кезде оралатын зардабын сезінетін болуы керек және жаза тағайындау жасалған қылмысқа сай болу қажет.
Ярулина Э.Р.
Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық әскери

соты әкімшісінің басшысы                                                   

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Octavio 24 октября 2023 05:07

    Today, I went to the beach front with my kids. I found
    a sea shell and gave it to my 4 year old daughter and said
    "You can hear the ocean if you put this to your ear." She put the
    shell to her ear and screamed. There was a hermit crab inside and it pinched her ear.
    She never wants to go back! LoL I know this is completely off topic but I had to tell someone!


    Feel free to surf to my web site - Annelies

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив