«Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетігі»

«Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетігі»

Елімізде құқықтық мемлекет құру, заң үстемділігі, әділдіктің салтанат құру жолында заңнаманың да жетілдіріліп, өзгерістерге ұшырап, толықтырылып отыруы түсінікті құбылыс. Әрине, бұл бір күннің ішінде немесе бір жылда жасалатын жұмыс емес. Бұл жан-жақты зерделеуді, тиянақты зерттеуді қажет ететін ауқымды шара.

Осындай ауқымды шара көрінісінің бірі ретінде 2020 жылы 29 маусымда қабылданып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін» айтуға болады. Кодекске сай, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарауды мамандандыру мақсатында республикада жаңа әкімшілік соттар құрылады.

Күнделікті өмірде жеке және заңды тұлғалар үнемі мемлекеттік органдардың қызметіне жүгінеді және олармен қарым-қатынас жасайды. Бұл қатынастардан даулар да туындайтыны жасырын емес. Бұл ретте мемлекет атынан өкілеттік ететін басқару органы қызметінің ерекшелігі ескеріліп, азаматтар мен заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сотта қорғалу құқығына кепілдік берілуі тиіс. Сол жария құқықтық қатынастарда адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі тетігі осы – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс. Бүгінгі күнге дейін жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар Азаматтық процестік кодекс аясында қаралуда. Енді жаңа Кодекстегі нормалардың жаңашылдықтарына қысқаша тоқталып өтсек.

Кодекске сәйкес, міндетті сотқа дейін реттеу тәртібі енгізілген. Азаматтарға қолайлы әрі ыңғайлы болу үшін құқықтық шешімдердің күшін жоюдың ерекше тәртібі мен төмен тұрған мемлекеттік орган арқылы құзыреті одан жоғары органға шағым берудің оңайлатылған тетігі де көзделген. Егерде азамат мемлекеттік органның шешімімен келіспесе, сотқа талап арызбен жүгінсе жеткілікті. Бұл талаптар «мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы» қағидаты бойынша қаралады. Заңға сай, мемлекеттік орган тек жауапкер болады. Мемлекеттік орган сотта өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс. Бұған дейін осындай даулар бойынша бұл міндет талап қоюшы тарапқа жүктелген болатын.

Жаңа құжатқа сенім құқығын қорғау, пропорционалдылық, құқықтардың басымдығы, ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйымсалу, соттың белсенді рөлі, сот талқылауының ақылға қонымды мерзімі, т.б. қағидаттары енгізілген. Кодексте соттың белсенді рөлі артып отырғандықтан, өз кезегінде сот тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қалмай, дауды шешуде маңызға ие барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттейді. Сот өз бастамасы бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер жинауға құқылы.

Сонымен қатар, жаңа заң аясында судьяға әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

Тағы бір жаңашылдық, ол заңда татуластыру рәсімдері кеңінен қолданылуы қарастырылған. Егер тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолмен шешуге тоқтаса, онда келісім жазбаша түрде жасалады. Оған екі жақ немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады, дауды процесс барысында реттеуге көмектеседі. Әрине, бұндай шарттар заңға қайшы келген жағдайда және адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, ондай келісімдерге де жол берілмейді.

Кодекстің тағы бір екешеліктері - процестік мәжбүрлеу шаралары, яғни ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу және ақшалай өндіріп алу көзделген. Ақшалай өндіріп алу сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын, процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда және әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмеген, сотқа уақтылы хабарламаған жағдайда қолданылады.

Кодекске сай сот өз шешімдерінің орындалуын да қатаң бақылауға алады. Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті және бұл туралы сотқа хабарлауға тиіс. Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаса, жауапкерден сот шешімін орындауға процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде ақша өндіріп алу көзделген, ол сот шешімі орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

Жаңа Кодекс - азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетіктерінің бірі. Ол азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына елеулі үлес қосады деген сенімдеміз. 

Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

А.Искакова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив