«Сот кабинеті» арқылы талап арызды қалай беруге болады?

«Сот кабинеті» арқылы талап арызды қалай беруге болады?

         «Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің  қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ, төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады. Қазіргі кезде «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі. Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді.

Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.

«Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» бүгінгі күні тамаша нәтижесін беріп отыр. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушысы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсетуі жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС – хабарлама арқылы қосымшада автор үшін құпия сөз келеді. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізіп отыр. «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді. Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

бас маманы Р.Махина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив