Дәстүрлі билер институты – заманауи соттың негізі

Дәстүрлі билер институты – заманауи соттың негізі

        Қазақ халқының өмірінде билер институтының орны әрқашан ерекше болды. Себебі, қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттік саясат пен құқықтық нормалардан бөлек, салт-дәстүр мен әдеп қағидаларына негізделген шешімдер қабылданып, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін ауызша сипатта болды.

        Би – дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.

        Халық билердің билік жүргізуін мойындады. Шын мәнінде осының өзі, бидің төрелікті еркін жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Билер құқықтық нормаларды жүзеге асырушылар болып табылды. Олар қолданыстағы заңдардың білгірлері, заңды түсіндірушілер, реформаторлар мен заң шығарушылар, хандар мен сұлтандардың кеңесшілері ретінде іс жүзінде мемлекеттің барлық құқықтық функцияларын орындады. Олардың қызметінің басты ұстанымы әділеттілік қағидасы болды. Ел арасында «Би екеу болса, дау төртеу болады» деген сөз жиі айтылады. Яғни, бұл арада даулы мәселені екі би емес, үш би шешсін дегені. Бұл әдіс сол кезеңдегі дала демократиясының туындысы болып табылады.  

        Тәуелсіз Қазақстанның сот-құқықтық реформасын және құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы заманауи сот билігі құрылып, тиімді жұмыс істеп келеді. Жалпы, қазақстандық сот жүйесі мемлекеттік биліктің толысқан, жауапты және пәрменді тармағына айналды.

        Қазақ әдет-ғұрып құқығы билер институтының практикасымен толықтырылып отырды. Осының негізінде прецеденттік құқық қалыптасты. Прецеденттік құқық – нақты іс бойынша бидің шығарған шешімі және ол бұдан былай ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынды. Тіпті атақты билердің үкімдері ұқсас істерді қарағанда міндетті түрде басшылыққа алынып отырған.

Қазіргі таңда, дәстүрлі билер институты кезеңінен бастау алған жер дауы, отбасы-неке қатынастары, жесір дауы, мұрагерлік, құн төлеу, ант ішу және т.б. мәселелері заманауи сот төрелігін жүзеге асырудың қайнар көзіне айнағанына көз жеткізіп жүрміз.  

Сот жүйесі – қашанда қоғамның қорғаны, тұрақтылығы, заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз етудің тірегі. Сот билігінің басты міндеті қашанда кез-келген дауға әділ шешім шығарып, азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету болды. Олай болса, жаңа әлемдегі сот жүйесінің алдында бабаларымыз мұра етіп қалдырған асыл қазынаны заман талабына сай қайта жаңғырта отырып, ел игілігіне жарайтындай қалыптастыру мақсаты тұр.

К.Қуаныш  

Ақтөбе гарнизоны әскери соты кеңсесінің жетекші маманы                                                              

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Gabrielle 27 августа 2023 12:40

    Have you ever thought about creating an ebook or guest authoring on other sites?
    I have a blog based on the same ideas you
    discuss and would love to have you share some stories/information. I know my audience would value your work.
    If you are even remotely interested, feel free to shoot me an e-mail.


    Here is my homepage: Zack

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив