Сотқа дейінгі хаттама институтының маңызы зор

Сотқа дейінгі хаттама институтының маңызы зор

2021 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, Азаматтық процестік кодексіне «сотқа дейінгі хаттама» ұғымы енгізілді.

Бұл жаңашылдық тараптарға азаматтық іс қозғалғанға дейін дәлелдемелермен алмасуға, сол арқылы даудың болжамды нәтижесін болжауға, өз шығыстары мен уақытын және моральдық шығындарын азайтуға, өзара достық қарым-қатынасты сақтауға, сондай-ақ дауларды соттан тыс реттеуге халықтың қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексімен реттелген жаңа институт – сотқа дейінгі хаттама, мынадай сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін көздейді.                      

  • бітімгершілік келісім
  • медиация
  • партисипативтік рәсім 

         Татуластырушы судья соттың қарауына жатпайтын талап қоюларды уақытында қайтарып немесе қабылдаудан бас тартады. Бұл әрекеттер АПК-нің 151, 152-бабымен реттеліп, судья бес жұмыс күні ішінде процестік шешім қабылдауы тиіс.

         Судья оңайлатылған (жазбаша) із жүргізу тәртібімен немесе жалпы тәртіппен қаралатын талап қоюлар бойынша, тараптарды шақыру қағазын сотқа дейінгі хаттама нысанымен бірге жолдауы қажет.

     Сотқа дейінгі хаттамаға сәйкес татуластырушы судья татуластыру рәсімін жүргізуге бағытталған бірқатар іс-қимылдар жасайды.Талап қоюды қабылдау үшін негіздер болған кезде, судья сотқа дейінгі хаттама жасау құқығын түсіндіре отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға тараптарға шақыру жібереді. Сотқа дейінгі хаттама жасаумен татуласудың артықшылықтары мен салдарын түсіндіреді, тараптардың пікірін анықтайды.

     Сонымен бір мезгілде судья тараптарға татуластыру рәсіміне, оның ішінде сотқа дейінгі хаттама жасай отырып, медиаторды немесе өкілдерді шақыру құқығын түсіндіреді.

     Егер тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасамай 10 жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдері шеңберінде келісімді бекіту туралы өтініш жолдаса, судья азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда мұндай ұйғарым 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

бас маманы Құралай Кувандикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив