Сотқа дейінгі хаттама» - заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің қолданылу аясын кеңейтеді

Сотқа дейінгі хаттама» - заңнамадағы татуластыру рәсімдерінің қолданылу аясын кеңейтеді

Сырым  аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер И-дан 150 000 теңге материалдық зиян  өндіру туралы талабы тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 73-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.
Заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норма басшылыққа алынып, татуластырушы судьямен тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдары түсіндіріліп, татуластыру шаралары жүргізілген.
Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан.  Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Ж-М.А.Вебер

Сырым аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі Батыс Қазақстан облысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Zwzvtb 12 июня 2022 22:46

    buy synthroid 150mcg pills - <a href="https://triamcinol.store/">order aristocort 4mg without prescription</a> plaquenil 400mg for sale

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив