Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтады

Сот кабинеті» мүмкіндікті молайтады

«Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясын енгізді.

Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді. Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою «Egov mobile» мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервисі жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.

Артықшылықтары:

-«Egov mobile» арқылы ЭЦҚ алу;

-Компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде);

-Мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеті жоқ.

-Мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою.

Сот кабинеті" сервисі арқылы мемлекеттік бажды төлеу мәселесі шешілген, төлем карточкасы арқылы бажды төлеу туралы құжаттың сканерленген көшірмесін беру мүмкіндігі бар. Бұл қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар пайдалана алады."Сот кабинеті" сервисі арқылы келіп түсетін талап арыздар соттың да, сотқа жүгінген адамдардың да уақыты мен жұмысын қысқартады. Мысалы, егер азамат немесе оның заңды тұлғасы уақыты мен ақшасын жұмсамай, үйден талап арыз жіберсе, ол сот базасына электронды түрде түседі. Сот қызметкері арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерлеп, оларды талап арызбен бірге жолдап, содан кейін ЭЦҚ кілтпен қол қою қажет.

Уақыт талабына сәйкес Жоғарғы Сот жаңа – мобильді, интерактивті пайдалануға қолайлы сервистерді енгізе отырып, сот төрелігін жүзеге асыру процесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша толық масштабты іс-шаралар өткізуде. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс сот жүйесінде бірнеше жыл бойы жүргізілуде, бұл сот ісін жүргізу процестерін ақпараттандыру мен автоматтандырудың оңтайлы жолдарын және тиімді әдістерін ойлап табуға мүмкіндік берді.

Мұғалжар аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив