Сотты құрметтеу құқықтық мәдениеттін бетлгісі

Сотты құрметтеу құқықтық мәдениеттін бетлгісі

Республикамызда сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын Конституцияның 75 бабында айқындалған. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген іс жүргізудің нысандары арқылы жүзеге асырылса, заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер қатыстырылады. Дамыған демократиялық әрі құқықтық мемлекеттің мәртебесін сақтау соттылықты жүзеге асыру саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастарды қорғайтын берік механизмді құруды қажет етеді. Сот билігін жүзеге асыру заңдылықты сақтай, судьялардың тәуелсіздігі, сот пен заң алдында барлығының тең болуы, жариялылық сияқты қағидаларға негізделетіні мәлім. Азаматтық процестік кодекстің 4 бабына сәйкес, азаматтардың мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария құқықтық қатынастарды заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқықбұзушылықтардың алдын алумен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады. Сонымен қатар, сотқа және заңға құрметтемеушілік пен құқықтарды теріс пайдалануға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау сот құзырындағы міндет. Мәселең, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 33 тарауында мемлекеттік билік институтына қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылықтардың құрамы көзделген. Атап айтсақ, істің қаралуына кедергі келтіретін, сотқа және төрағалық етуші тұлғаның өкімдеріне құрметтемеушілік білдіретін іс-қимылдар сот отырысында тәртіпбұзушылық деп танылады. Оған процеске қатысатын тұлғалардың сот отырысының регламентін бұзатын лайықсыз әрекеттері де жатады және оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653 бабына сәйкес жаза көзделген. Яғни, сотты және судьяны құрметтемеушілікті білдіретін әрекеттер ескерту жасауға немесе айыппұл салуға не әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Сотқа құрметтемеушілік танытқан жағдайда, аталған факт сот отырысының хаттамасында құқықбұзушылықтың  мәні ретінде белгіленеді. Демек, судья сотқа құрметтемеушілік көрсету фактісін анықтағаннан кейін, әкімшілік істі қарауға көшеді. Әр тараптың сот процессінде өзін-өзі жауапты ұстауы соттың және сотқа қатысушы барлық тұлғалардың қалыпты әрекет етуін қамтамасыз ететінің ұмытпау керек. Құқықтық мәдениет, әсіресе сот отырысында азаматтардан тәртіп сақтауды, сотқа қатысушы тұлғаларға бір-біріне құрметпен қарауды талап етеді. Сонда ғана азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасып, сот жүйесіне деген құрметі артады.

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.Т.Адранов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив