Мемлекеттік қызметкер - ел айнасы

Мемлекеттік қызметкер - ел айнасы

Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасын байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты.

Мемлекеттің атынан жұмысын атқарып, мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкерлердің өзін-өзі ұстауына, адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеу мәнеріне, шеберлігіне, сауаттылығына қарап, азаматтардың да билікке деген сенімі нығаяды. Бір мемлекеттік қызметкердің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне селкеу түсіруі мүмкін. Сондықтан да, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап қатаң.

Судьяларға ғана емес, қазір сот мамандарына, кеңсе қызметкерлеріне де қойылатын талап жоғарылаған. Өйткені, азаматтар сот билігінің әділдігін, төреліктің тура шығарылғанын таразыламай тұрып, кеңсе қызметкерлері мен сот мамандарының қызмет көрсету сапасына ғана баға береді. Олардың ізетпен қабылдап, білмеген сұраққа түсіністік танытуына, құқықтық кеңес беруіне қарап, азаматтардың сот жұмысына деген сенімі нығаяды. Мұны сот табалдырығынан аттаған кез келген азаматтың лебізінен, пікірінен аңғаруға болады. Сондықтан да судьялар мен мамандардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға, тәжірибесін шындауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемдекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне білуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы, жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Азаматтарға сапалы қызмет ету – мәртебелі міндет. Өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашан да қиын. Осыған орай, қазіргі жаханданудың өрелі биігіне қол созған кезде, Тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету – басты мақсатымыз.

Н.С.Қыдырғали 

Ақтөбе гарнизоны                                                   

әскери сотының сот приставы    

 

               

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив