Әскери соты қазақ тілін кеңінен игеруге күш салуда

Әскери соты қазақ тілін кеңінен игеруге күш салуда

Қазақстанның ұлттық мемлекет болып қалыптасуы үшін ұлттың тілі, яғни қазақ тілі, мемлекетіміздің болашағы деуімізге толық негіз бар.

Тіл туралы мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

Бұл бағдарламаны іске асыру алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мысалы, қазіргі уақытта сот саласындағы барлық құжаттар, іс-қағаздар, құжат айнылымы мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Осы себептен бүгінгі күнде сот, құқық қорғау жүйесінде мемлекеттік тілді қолдануға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Жақында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы және Астана қаласы бойынша сот актілерін орындау департаментімен «Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Мұндағы мақсат сот, құқық қорғау жүйесінде іс-құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Сонымен қатар, бұл отырыс барысында аталған әскери құрылымдарда қазақ тілі тек іс қағаздарын жүргізу тілі ғана емес, Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі атап көрсетілді. Жасыратыны жоқ, заң құжаттары, бұйрықтар, басқа да іс-қағаздары бұған дейін ресми тілде қалыптасып қалғандықтан, оны өз тілімізде пайдалану біраз қиыншылықтар тудыратыны жасарын емес. Соған қарамастан өз тіліміздің қолдану аясын тек ауызекі сөйлесу тілі емес, іскерлік қатынастар тіліне айналдыруымыз қажет.

Қорыта келгенде, еліміздің мемлекеттік тілін меңгеруді тек қағаз жүзінде емес нақты істер арқылы жүзеге асырып, науқаншылдыққа айналдырмауымыз керек. Тіліңнің мәртебесі – ол еліңнің мәртебесі. Ал, еліңнің мәртебесі - ол сенің мәртебең. қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жолындағы атқарылар істер, асар асулар әлі де көп. Сол мақсатқа күш жұмылдыруымыз қажет. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Н.Ж. Жунисова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив