Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған.

Бүгінгі таңның өзінде өз өкілеттігін сатумен бірге, оны сатып алушы адамдардың көбейе түсуі, билік тармақтарының барлығының да сыбайлас жемқорлық кеселіне душар болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминалогиялық зерттеулер айқын көрсетіп отыр.

Қоғам мүлкіне, мемлекет байлығына көзқарас өзгеріп, адам психологиясы бұзылып, жеке меншіктің бөлінуі, «өзгені қойып, өзімде болсын» дегенге бой алдырудың соңы қылмыс жасауға апарып соқтыруда. Әсіресе осындай көңіл-күйдің жетегіне әскери қызметшілердің де ілігуі орын алуда.

Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жиі жасалатын қылмыстар:

-мемлекеттік мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету;

-қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасау;

-пайдакүнемдік ниетпен билігін және қызметтік өкілеттігін асыра қолдануы.

Осыған байланысты, мемлекетіміздің Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің құқықтық білімдерін жоғарылату жолында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қосатын үлесіде аз емес.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында жемқорлықтың алдын алу мәселелерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту жолдарында біршама іс шаралар өткізілген. Өткізілетін іс шаралардың мақсаты – әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық деңгейін болдырмау.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді өзінің негізгі міндетіне айналдырса, бұл құбылысты жеңеміз деген ойдамын.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісінің м.а. Н.Ж. Жунисова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив