Әкімшілік әділет:  процестік мәжбүрлеу шараларының түрлері және  қолданудың негіздері

Әкімшілік әділет: процестік мәжбүрлеу шараларының түрлері және қолданудың негіздері

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізіліп, Президент Жарлығы негізінде жаңа әкімшілік соттар өз жұмысын бастап кетті.

 Жаңа заңға енгізілген басым жаңашылдықтардың бірі - әкімшілік процеске қатысатын тұлғаларға  процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану-  1) ескерту;      2) сот отырысы залынан шығарып жіберу;   3) ақшалай өндіріп алу.

Осы мәжбүрлеу шараларының ішінде  ақшалай өндіріп алуға тоқталғым келеді.

 Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  (әрі қарай-ӘРПК) 127 бабы    негізінде  ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады.

Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға табыс етіледі.

Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлана отырып, сот отырысында жүргізіледі.

Сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Сонымен қатар соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

Ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және ол республикалық бюджеттің кірісіне өндіріп алынады.

 Енді сот тәжірибесіне жүгінсек, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  1 жартыжылдық қортындысы бойынша 37 әкімшілік іс бойынша  48 тұлғаға  сот ұйғарымдары негізінде ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған, оның  ішінде 34 жауапкерге немесе өкілдеріне, 11 мүдделі  тұлғаларға және  іс бойынша  3 тұлға тараптар ретінде тартылмаған.  Бұл ретте ақшалай өндіріп алу шарасының басым бөлігі    жеке сот орындаушыларына және мемлекеттік орган  өкілдеріне қолданылғандығын атап өтуге болады.   

 Мысалға: 2022 жылдың маусым айының 22 күнгі сот ұйғарымымен  Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау  және дамыту агенттігінің  өкіліне  соттың талабын  орындамағаны және көрсетілген мерзімде  құжаттар ұсынбағаны  үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған;

2022 жылғы мамыр айының 24 күнгі сот  ұйғарымымен жеке сот орындаушылары  «М» және «С»-ға  соттың көрсетілген мерзімінде пікір жолдамағандары және уақытында   сот отырысына  қатыспағандары үшін  20 айлық есептік көрсетікіш көлемінде  ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған; 

          2022 жылдың сәуір айының 14 күнгі сот ұйғарымы негізінде  мүдделі тұлға  «Электрондық қаржы орталығы»  акционерлік қоғамының   өкіліне көрсетілген мерзімде құжаттарды  сотқа ұсынбауы себепті   20  айлық есептік көрсетікіш көлемінда ақшалай мәжбүрлеу шарасы қолданылған.

Әкімшілік процеске қатысатын тұлғаларға процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану  жария-құқықтық қатынастардан   туындайтын істерді  қарау барысында заңдылықтың сақталуын қамтамассыз етумен қатар   тараптардың жауапкершілігін күшейтуге  оң ықпал етері сөзсіз.

 Нұр-Сұлтан қаласы арнайы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы     

 Қабидолдина Сәуле

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив