Сот жалғызбасты ананың құқығын қалпына келтірді

Сот жалғызбасты ананың құқығын қалпына келтірді

Орал каласынын №2 сотына қала тұрғыны Орал қаласы әкімінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіруден бас тарту бөлігін заңсыз деп тану және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қайта қалпына келтіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сот талапкер Ш.1987 жылдан бастап атқару комитетінің №151 шешімімен жалғыз басты ана ретінде тұрғын үйге мұқтаж есебіне № 139/1227-нші болып қабылданған. Орал қаласы әкімінің қаулысымен «толық емес отбасы» санатынан алынып тасталған. Бұған негіз болған Тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясының аталмыш азаматшаның иелігінде тұрғын үйдің болуы. Алайда аталған тұрғын үй сарапшылардың қорытындысына сәйкес апатты және тұруға жарамсыз деп танылған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73 бабының 1 бабы 4 бөлігіне сәйкес, осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, сондай-ақ   көпбалалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды, яғни сол тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу құқығын сақтап қалады.

Қазіргі уақытта, талапкер мемлекеттік қордан баспанамен қамтамасыз етілмеген, тұрғын үй құқығы тізілімінен алып тастау кезінде де, сот талқылауы  уақытында да тұрғын үй алу құқығын жүзеге асырмаған.

Жауапкердің әрекеттері қолданыстағы заңнамаға қайшы келіп, талап қоюшының құқықтарын бұзатын болғандықтан, сот жауапкердің мемлекеттік тұрғын үй алу кезегін қалпына келтіруден бас тарту бөлігін заңсыз деп танып, талапкердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіру туралы талабын қанағаттандырды.

Мемлекеттік мекемелеріне сот шешімімен келіскендіктен шағым түспеді, орындауға алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

О.К.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив