Талғамы  - мемлекеттік қызмет

Талғамы - мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 наурыз 2022 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес, 24 маусым - «Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекеміз бекітіліп, биыл алғаш рет атап өту жоспарлануда. Осы мереке қарсаңына, ұжымымызда қызмет атқаратын ерекше тұлға туралы мақала жазуға шешім қабылдадық.

Гульмара Рахимжановна Баймагамбетова – 1970 жылдың 07-ші шілдесінде Целиноград қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. Отбасының аяулы қызы, адал жар, тәрбиесі зор екі ұл баланың анасы.  Жоғары білімді, мамандығы – юриспруденция. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілімі – 31 жылдан асады. Соның ішінде сот жүйесіне 24 еңбек жылдарын арнаған.

Сот жүйсінде 1995 жылы Жанәділ аудандық сотында курьер, іс жүргүзуші сатыларынан бастап, қазіргі таңда сот отырысының  лауазымын атқаруда. Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылдан бері бас маман - сот отырысының хатшысы қызметінде еңбегін адал сіңіріп келуде.

Сот жүйесінде Гульмара Рахимжановнаның еңбегі елеулі болып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 6001-19-7-6/201 өкімімен ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Павлодар қаласындағы 2018 жылы 6679 әскери бөлімінің басшылығы, Отан алдындағы мерзімді әскери борышын өтеген баласы Жумагалиев Елдос өзінің абыройлы қызметі және жеке тәртіптілігі мен ынтасын көрсетіп, жеке құрамға үлгі бола білгені туралы хабарлама алып, баласына берген үлгілі тәлім-тәрбиесі үшін алғыс хатқа ие болған.  

Сонымен қатар, 06.03.2018 жылғы бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісінің № 7199-18-7-5/683 бұйрығымен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, лауазымдық міндеттерін адал орындап, ынталы атқарғаны үшін алғыс жарияланған.

Гульмара Рахимжановна еңбек жолын мемлекеттік қызмет саласына арнаған. Оны мемлекеттік қызметші деген ұғымның мәнін түсініп, оған қойылған талапты мүлтіксіз орындап келе жатқан үлгілі мемлекеттік қызметші қатарынан көреміз. Жастарға өз бойына сіңірген білімімен, тәжірибесімен бөлісуден, үйретуден жалықпайын тұлға. Лауазымдық өкілеттіктерін атқару барысында, ең басты қағидасы – атқарып отырған қызметін сапалы орындау.

Жанұяда үлкен өмірге қадам басып келе жатқан ұлдарына Отан сүйгіштік сезімнің, жауаптылықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындырып, ал, қызметте сот жүйесінің біртұтастығының қорғалуына ат салысып, сот табалдырығын аттаған тұлғаларға бірдейлігі, кәсіби біліктілігі мен принципшілдігі ұштасқан мемлекеттік қызметші.  

Сондай-ақ, Гульмара Рахимжановна сот жүйесіне жаңадан келген жастарға еңбек тәртібінің қатаң сақталуын, қызметтік міндеттерінің нәтижесінде адам тағдыры шешілетіні туралы дәлелді ұғымдарды түсіндіруден жалықпайтын қайталанбас тұлға.

Гульмара Рахимжановнаның жұмыста болсын, үйде, тума-туыс, таныстары  арасында ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары. Осы жоғары дәрежедегі қабілеті үшін, үнемі үлкеннің де, кішінің де алғысын арқалап жүреді.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше мінезімен, төзімділігімен сотқа келген тараптармен, ұжымда бірге қызмет атқарып келе жатқан әріптестерімен, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен қарым-қатынасы, олармен сыйластығы, жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас мамандарға ұстаз үлгісі сияқты болып қалатыны даусыз екені бәрімізге мәлім. 

Біз, яғни Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы, әріптесіміз Гульмара Рахимжановнаға мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеп, берекелі отбасының аман, жұмысының шабытты болуына шын жүректен тілектес бола, 24 маусым – «Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні» мерекесімен құтықтаймыз!

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив