Мал ұрлығы жазасыз қалмайды

Мал ұрлығы жазасыз қалмайды

Мал шаруашылығы ауылды жерде тұратын халықтың күн көріс көзі болғандықтан, олардың төрт түлігіне қол сұғу басты табыс көзінен айырумен тең. Осы қылмыс түрі атакәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарына айтарлықтай материалдық және моральдық зиян келтіреді.

2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жаңа 188-1 баппен («Мал ұрлығы») толықтырылып, мал ұрлаушылардың қылмысы жалпы ұрлыққа кірмей арнайы баппен қаралатын болды.

Өзгеріске дейін мал ұрлау қылмысы ҚК-нің 188-бабы бойынша қаралатын. Аталған бап негізінде мал ұрлаған адам ұсталғанымен, кейін қылмыстық жазаға тартылу кезінде көп жағдайда мал иесіне келтірген залалды қайтарып, жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабының талаптарына сәйкес жауаптылықтан босатылып кететін еді.

Қылмыстық кодекстің 188-1 бабына сәйкес мал ұрлаушылардың жазасы қатаңдатылды: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны белгілейтін заңнаманың жаңа талабына сәйкес, мал ұрлығы адамдар тобы емес, бір адам мал қораға немесе басқа да қоймаларға кірместен жәбірленушіге айтарлықтай залал келтірмей жасаған жағдайда сотталушының ауырлығы орташа қылмыс ретінде мүлкі тәркіленеді. Үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.

Егер мал ұрлығын адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы ауыр қылмыс деп танылады. Ол үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Мал ұрлығы бірнеше рет жасалса, сондай-ақ тұрғын үйдің мал қорасына, қашаға немесе өзге де қоймаларға кіру арқылы жасалған жағдайда да ол ауыр қылмыс деп танылады. Ол үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Егер мал ұрлығын ұйымдасқан қылмыстық топ жасаса немесе аса ірі мөлшерде жасалса, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.

         Осылайша, жоғарыда аталған олқылықтардың орны толықты деуге келеді. Қазір жәбірленуші кешірім берсе де, заңға сай жаза тағайындалады. Яғни, қылмыс жасаған адам жазасын тиісті түрде өтемей, жазадан босатылмайды.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жетекші маманы Қ.А.Кувандикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив