Заңнамадағы өзгерістер талқыланды

Заңнамадағы өзгерістер талқыланды

 

Казталов аудандық сотында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Райбек Хайырбеков, судья Умсын Мухангалиева, аудан прокуроры және тергеу бөлімшесінің тергеушілері қатысты.

Өз сөзінде сот төрағасы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңы қабылданғанын атап өтті. Оның негізінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік Кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілгенін, сонымен қатар, аталған заң мемлекет басшысының жауапкершілікті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындауға, мал ұрлау, браконьерлік, өсімдіктер мен жануарларды қорғау инспекторларының өміріне қол сұғушылық, мас күйінде  көлік жүргізу, есірткі айналымы қылмыстары үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын түсіндірді. 

Шара  соңында қатысушылар дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша туындаған сұрақтарды талқыға салды.

 

 

Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Каженов Руслан Сайфетдинович

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив