Алқабиге кандидаттарды іріктеу ерекшеліктері

Алқабиге кандидаттарды іріктеу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында алқабилер сотының пайда болуы- тәуелсіздік алған кезден бастап әлемдік талапқа сай құқықтық мемлекет құруға жасалған ұмтылыстың нәтижесі.

Жалпы құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары сот әділдігінің заң шеңберінде атқарылуынан, сотқа барша халықтың қолжетімділігінен көрінеді.

Сол секілді халықтың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы мемлекеттің демократиялық бағытта дамуының бірден-бір көрсеткіші болып есептеледі. Өйткені бұл үрдіс онда қабылданған шешімнің заңдылығы мен қатар әділетті болуына да ықпал етеді.

Егер сотталушы Қылмыстық кодекстің өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын кесу баптары бойынша жазаланса, онда сотталушының ісі алқабилердің қатысуымен қаралады. Тиісті өтінішті күдікті қылмыстық іспен танысу барысында жасай алады, не сотталушы алдын ала жасалатын тыңдаулар барысында, яғни соттың негізгі талқылауы алдында өз өтінішін білдіреді.

Алқаби - Сіздің Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарында атқарғалы отырған борышыңыз бен міндетіңіз болып табылады.  

Алдымен Алқаби ұғымына қысқаша түсінік бере кетейік.

Алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген және бір-бірімен тең мәртебеге ие.

Ірiктеу процесiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жергіліктi атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттар iрiктелетiн жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасайды. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан Алқабилер туралы Заңның 10-бабында белгіленген, алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкес келуiн тексеру үшін қажет ақпаратты сұратуға құқылы. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерi әлiпбилiк тәртiппен жасалады. Тiзiмдерде алқабиге кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (жасы жиырма бесте болса - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты жерi көрсетiледi.

Кандидаттардың тiзiмдерiне енгізілмейтін адамдар: алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған; өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар; сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар; судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар.

Бұл тізімге азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар; өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар; алпыс бес жастан асқан адамдар; дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен алып тасталады.

Ал Заңға сәйкес, алқабилердің құқықтары және мiндеттерi келесідей: Алқаби - өзінің iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға; процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға; заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға, сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы.

Сонымен қатар, сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға; алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе істі тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге; сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.

Алқабилердің кәсіби соттардан айырмашылығы, олар арнайы білім, теорияға сүйенбей-ақ, істі мәнісі бойынша өмірлік тәжірибеге сүйеніп шешуге тырысады. Олар қоғам мен қарапайым халыктың мүддесін қорғайды және адамгершілік, ар-ождан, мораль, тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдайды.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы 

Бақыт Аманбайұлы Ермаханов

                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив