Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бірқатар белгілерден тұрады: құқық бұзушылық жасалған нақты орын (пәтер, үй, саяжай); жәбірленуші мен құқық бұзушунының арасындағы қарым-қатынас (ерлі-зайыптылар, азаматтық некеде, туысқандық, көршілер, достар); ішімдіктін салдарынан туындаған құқық бұзушылықтар және құқық бұзушылықтың алғаш жасалуы немесе бірнеше рет қайталануы.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, және олардың тынышытығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер үшін ескерту немесе 5 тәулікке қамауға алу жасазы көзделген.

Егер әкімшілік жаза бір жыл ішінде қайталап жасалған болса онда он тәулікке дейінгі мерзімге әкішілік қамауға алуға әкеп соғады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, елімізде жыл сайын зәбір көрген 10 мыңнан астам зорлық-зомбылық фактілері тіркеледі. Сарапшылар, ресми статистиканының нақты деңгейі кем дегенде төрт есе жоғары болуы тиіс деген пікір айтады.

Өкініштісі, зардап шегетіндер – сол құқық бұзушының ең жақыны, бірге тұратын отбасы мүшелері. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген мұндай адам дене, психикалық, моральдық зәбірден бөлек қорғансыздық күйге ұшырайтыны анық.

Көп жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы ашық айтылмай, әлеуметтік проблема ретінде қаралмай келді.

Себебі, отбасы мүшелері мұндай әрекеттерді көпшіліктің назарына білмегенін қалап, «ұят», «намыс» сияқты моральдық компоненттерді алға қойып, өзінің Конституциялық құқығының адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтынын, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы барын біле тұра, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының орын алуына бұл туралы ашық айтпау арқылы жол береді.

Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін қоғамдық пікірді, көпшіліктің ойын ескере отырып, заңнамалық түрде тиімді шешу негізінде көптеген шаралар атқарылуда. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья                                Қанат Иманалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив