Соттың адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы ерекшеліктері

Соттың адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы ерекшеліктері

Cоттың адамның құқықтарымен бостандықтарын қорғау қағидасы  Қазақстан Респуликасының Конституциясында бекітілген: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар». (13 бап). Конституцияның 77 бабының 3 бөлігінің 3 бөлігінің 3 пункті бұл қағиданы анықтай түседі: «Өзіне заңмен көздеген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды».

Қазақстан Республикасының 12 бабы Конституцияның аталған бабын дамытады: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар».

Ешкімнің өзі үшін заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды.

Мемлекет заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен әркімнің сот төрелігіне қол жеткізуін және оған келтірілген залады өтеуін қамтамасыз етеді.

Өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға сотқа Қазақстанның территориясында тұратын азаматтығы жоқ адамдар да, басқа елдің азаматтығы бар адамдар да олардың құқықтары мен бостандықтары Қазақстан территориясында бұзылса, сот арқылы қорғауға құқығы бар. Қазақстанның шетелде жүрген азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндігі бар.

Адам мен азаматтың сот арқылы құқықтары мен бостандықтарын қорғауы қылмыстық сот ісін жүргізу саласында оның ашық-ресмилігімен қамтамасыз етіледі.

Қылмыстық процестің ашық-ресмилігі қылмыстық қудалау органдарының мемлекеттің, қоғамның, адамының құқығын бостандықтарын қорғау үшін, өз құзретінің шегінде қылмыстың белгісі болса, қылмыстық іс қозғауға шара қолдануға міндеттілігімен, қылмыс оқиғасын анықтауға және кінәлі адамдарды жазалауға тиістілігімен қамтамаыз етіледі. Сот істі түпкілікті шешуге міндетті.

Сот төрелігін көлденең әсерлерден қорғау үшін  заң шығарушы Конституцияның 23 бабының 2 пункітіне - ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларға мүше болмауға, кәсіптік одақтарда, болмаса, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс - деп бекітті.

Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғау ҚПК-нің 32 бабы (жекеше, жекеше жариялау, және жариялы қудалау және айыптау істері), 36 бабы (қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән жайлар), 183 бабы (қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар ), 185 бабы (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау міндеттілігі), 191 бабы (анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу-тексеру). Осы баптарға сәйкес құқық қорғау органдары қылмыс белгісі жеткілікті мөлшерде бар, немесе жасалған, не жасалуға дайындалып жатыр деген арыз, хабар түссе тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық іс қозғап (заңда көрсетілен  тәртіппен), тергеу жүргізіп, жиналған дәлелдердің негізінде кінәлі қылмыстық жауапқа тартып, істі сотқа қарап, түпкілікті шешу үшін жіберуге міндетті. Бұл құқық қорғау органдарының арнайы міндеті.

ҚПК 58 бабы қылмыстық процестің барлық сатысында заң бұзушылық болса прокурордан оны жоюды талап етеді.                                                 

ҚПК-ң 337 бабы (мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы). Прокурор сотқа дәлелдемелерді ұсынады, және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай- ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынше өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану туралы және сотталушыға жаза тағайындау туралы ұсынысын жасайды. Прокурор айыптауды өзгерте алады, егерде айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген түйінге келсе, айыптан бас тартады (толық немесе ішінара). Бұл прокурордың соттағы арнайы міндеті.

КПК-ң  24 бабы сот және қылмыстық қудалау органдарының істі дұрыс шешуге  қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеру үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануды міндеттейді. Істің мән-жайын анықтауда қылмыстық қудалау органдарының қайсысының да болмасын мекемелік мүддесі тұрғысынан қарауға заң тиым салады.

  Соттың адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы тағы бір ерешеліктері, ол (Жоғары тұрған соттар), айталық - апеляциялық және  кассациялық сатысындағы соттар үкімге келтірілген арыз бен наразылықтың уәждарымен ғана шектеліп қоймайды, істі толықтай және барлық сотталғандарға, шағым бермегендердің де сотталуының заңдылығын тексереді.

  Сотта адамның құқықтары мен бостандықтарын қарағанда, адам мен мемлекеттің мүдделері бірдей ескеріледі.

  Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғағандағы айта кететін ерекшеліктердің бірі, ол қылмыстық істердің соттылығының тұрақтылығы мен өзгерместігі.

Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға жатпайды.

Соттар үшін арнайы функция мен мақсат, ол іс бойынша жасалуына сотталушы айыпталып отырған іс әрекеттің  орын алғаны дәлелденгенін, немесе дәлелденбегенін шешу. Негіз болған кезде кеңес бөлмесінде жекеше қаулы шығарады. Жекеше қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу кезінде де жол берілген азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды тапқан кезде де шығарылуы мүмкін.

Адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы ерекшеліктер, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында да және «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (2000ж.25.12. №132 қабылданған) 1 бабында «Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтніштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауына алуына болмайтыны бекітілген». Аталған заңның 2 бабында «әркімнің мемлекеттік органдардың, лауазымды және де өзге адамдардың Конституцияда және  өзге де заңдарда көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген шешімдері мен іс қимылдарынан  сот арқылы қорғалуға  кепілдік беріледі» деп көрсетілген.

Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттікті сақтай отырып құзыретті және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.                                                       

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейтіндігі аталған заңда көрсетілген.

Соттың төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты іс бойынша есеп бермейді.

Сонымен қатар ҚР Жоғарғы Соты өзінің №4 «Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы» туралы нормативтік қаулысында, соттар сот істерін тікелей қараумен қатар, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз, негізсіз шектеуден қорғау, оларды қалпына келтіруге бағытталған заңмен қарастырылған шараларды уақытында қабылдау, сондай ақ, келтірілген зиянды өтеу жөнінде сот билігінің функцияларын іске асыруға тиіс екеніне соттардың назарын аударды.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында соттың қорғауы күзетпен ұстау, үйқамаққа алу, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына, лауазымынан уақытша шеттету және жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шараларына санкция беру кезінде, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының КПК-ң 106 бабында, 106 бабының 109 бабының екінші бөліктерінде көзделген әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау кезінде жүзеге асырылады.

Істі сотта қарауға дайындау және басты сот талқылауы барысында соттың қорғауы қылмыстық қудалау органдары жүзеге асырған іс жүргізудің заңдылығын, олардың іске қатысушы адамдардың процестік құқықтарын кепілдендіретін заң талаптарын сақтауын тексеру жолымен жүзеге асырылады.

Үкімдерді, сот қаулыларын орындау сатысында сот бақылауы ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 27 бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған қаулыда адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық сот ісін жүргізу сатыларында қорғау ерекшеліктері баяндалған.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының судьясы

Айбек Әмірғалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив