Әкімшілік соттардың шешімдеріне шағым жасау  және оларды орындау тәртібі

Әкімшілік соттардың шешімдеріне шағым жасау және оларды орындау тәртібі

Әкімшілік процеске қатысушылар заңды күшіне енбеген шешімге апелляциялық шағымды шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей апелляциялық тәртіппен қарау үшін шағым жасай алады. Ал, прокурор аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ары қарай - ӘРПК) 31-бабында көрсетілген істер бойынша апелляциялық өтінішхат беруге құқылы.

Ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қатысушылардан жекеше шағым, прокурордың өтінішхатын беруге мерзім қарастырылған.

Әкімшілік процесте кейбір істер бойынша сот шешіміне шағымданудың ерекшелігі орын алған, оларға мемлекеттік сатып алуды өткізуді және сот орындаушыларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.

Бірінші сатыдағы соттың шешіміне келіспеген тараптың апелляциялық шағымы мен прокурордың апелляциялық өтінішхаты облыстық және оған теңестірілген соттармен қаралады.

Ал, ӘРПК-тің 102-бабының 3-бөлігінде қарастырылған әкімшілік істер бойынша түскен апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын Нұр-Сұлтан қалалық соты қарайды.

Апелляциялық сатыда қаралатын іс, түскен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қаралуы тиіс, аса күрделі істер бойынша қарау мерзімі соттың дәлелді ұйғарымымен үш айға ұзартылуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алуды өткізуді және сот орындаушыларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер апелляциялық алқада келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Кассациялық шағым келтірудің мерзімі өткеннен кейін ғана апелляциялық сот алқасының қаулысы күшіне енеді.

Кассациялық тәртіппен қаралуға жатпайтын ұйғарымдар бар, олар жария етілген күннен бастап күшіне енеді. Ал, істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын ұйғарымдар кассациялық тәртіппен қаралуға жатады.

Апелляциялық алқаның шешімімен келіспеген жағдайда, іске қатысушылар  сот актісінің түпкілікті нысанда табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде кассациялық шағым беруге құқылы. ӘРПК-тің 31-бабында көрсетілген істер бойынша прокурордың кассациялық өтінішхат беруге жоғарыда аталғандай мерзім қарастырылған.

Сот актісіне кассациялық сатыда қаралуға жататын мерзім ішінде кассациялық шағым мен прокурордың өтінішхаты келіп түспесе, сот шешімі заңдық күшіне енеді.

Кассациялық шағымдар, өтінішхаттар және наразылықтар ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен ақылға қонымды, бірақ  келіп түскен күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуы тиіс.

Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат ол келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде, ал әкімшілік іс талап етілген жағдайда – әкімшілік іс келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде қаралады.

Егер,

- қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін жағдайлар;     

- қабылданған қаулы белгіленбеген тұлғалар тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайлар;

- қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайларда кассациялық алқаның актісі ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша, ҚР Бас Прокурорының наразылығы бойынша қайта қаралуға жатады.

Заңды күшіне енгеннен кейін сот актісі үш жұмыс күні ішінде жауапкерге соттың тарапынан орындалуға жолданады. Әкімшілік іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде жауапкермен ерікті түрде орындалуға жатады.

Әкімшілік процеске қатысушының құқықтарына елеулі зиян келтірсе, қиын болса не мүмкін болмаса, іске қатысушылардың негізделген өтінішхаты немесе соттың өз бастамасының негізінде сот шешімін қатысушылардың құқықтары мен жария мүдделерін ескере отырып дереу орындауға жібереді.

Алайда, кез келген уақытта әкімшілік іске қатысушының өтінішхаты негізінде дереу орындауға жіберілген сот актісінің орындалуын тоқтата тұру қарастырылған.

Ал, егер жоғары инстанцияның сот актісімен заңды күшіне енбеген актінің күші жойылса немесе өзгертілсе, дереу орындауға жіберілген сот актілері орындалуға жатпайды.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Адина Жаркенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Isaac 4 февраля 2024 11:42

    I think everything posted made a great deal of sense.

    But, think about this, suppose you were to create a killer title?

    I am not saying your content isn't solid., but suppose you
    added a title that makes people want more? I mean Әкімшілік соттардың шешімдеріне шағым
    жасау және оларды орындау тәртібі » Infozakon is kinda plain. You should glance at Yahoo's front page and note
    how they create news titles to get people interested.
    You might try adding a video or a pic or two to get people interested about everything've written. Just my
    opinion, it would bring your website a little livelier.

    my site; vrije verkoop
    van lorado in België

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив