Сот ай сайынғы жарналар сомасын өндіріп алу туралы қойылған талапты қанағаттандырды

Сот ай сайынғы жарналар сомасын өндіріп алу туралы қойылған талапты қанағаттандырды

«Ф» мүліктің меншік иелері бірлестігі (бұдан әр - ММИБ)  ай сайынғы жарналар сомасын өндіріп алу туралы ММ-ге талап қойып, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Жауапкер қойылған талаптармен келіспей, ММИБ-мен шарттық қатынастардың жоқ екенін, ешкім қызметтік пәтерлерде тұрмайтынын айтты.

Сот пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының хаттамасымен танысты. Осының нәтижесінде олардың жазбаша дауыс беру және сұрау салу арқылы тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) үшін ай сайынғы тарифті 60 теңге мөлшерінде айқындалғаны анықталды.

Жауапкер аталған пәтерлердің меншік иесі болып табылады. Сондықтан жауапкерді күтіп-ұстау ауыртпалығынан босатуға негіз жоқ. Кондоминиум нысанын басқару және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін шығыстар ай сайын жұмсалады. Осы шығыстардың мөлшері пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне қарай белгіленеді.

Қойылған талап сот шешімімен қанағаттандырылып, ММ-нен ай сайынғы жарналар сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив