Сот жеке сот орындаушысымен дауды реттеді

Сот жеке сот орындаушысымен дауды реттеді

Елорданың Мамандандырылған әкімшілік соты өтініш негізінде борышкерге қатысты атқарушылық құжат бойынша мәжбүрлеп орындатудың барлық шектеу шараларын алып тастауға мәжбүрлеу туралы және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулының күшін жою туралы талап арызды қарады.

Талаптар жеке сот орындаушысының мәжбүрлеп орындауында борышкер Ш.-ға қатысты кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы атқару парағының болуымен негізделген.

Атқарушылық іс жүргізу тараптары келісімге келді, өндіріп алушы атқарушылық құжатты қайтару және борышкерге қатысты барлық шектеу шараларының күшін жою туралы өтініш берді.

Жеке сот орындаушысының қаулысымен атқарушы құжат кері қайтарылды, алайда тыйым салудың күшін жоюдан бас тартылды . Сот орындаушысы өз қызметіне 510 мың теңгеден астам соманы төлеуді талап етті.

Татуластыру рәсімі барысында судья татуласу туралы келісім жасасу арқылы дауды аяқтау мүмкіндігін, оны жасасудың салдары мен артықшылықтарын түсіндірді.

 Нәтижесінде тараптар келісімге келді-ЖСО борышкерге қатысты барлық қабылданған қамтамасыз ету шараларын 3 жұмыс күні ішінде жоюға және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді талап етпеуге міндеттенді.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив