ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАДАҒЫ  ЗАҢДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ТЕТІГІ

ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ТЕТІГІ

2020 жылдың маусымында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қабылданып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енді.

Бұл еліміздің құқықтық жүйесіндегі маңызды реформаның бірі болды. Қазіргі уақытта әкімшілік әділетті енгізу бойынша соттар тарапынан ауқымды жұмыстар  басталып кетті. Республиканың әр өңірінде жаңа соттар құрылып, оларға арнайы маманданған судьялар іріктеліп тағайындалды. Жаңа кодекс қабылданбастан бұрын мемлекет пен азаматтар арасындағы даулар жалпы юрисдикциядағы, азаматтық соттармен қаралып келген.           Енді даудың бұл санаты жаңа әкімшілік соттарда қаралуда.

Жаңа кодекс жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғауды нығайтуға бағытталған. Азаматтың мемлекет, билік органымен текетіресінде соңғыларының күші басым екені даусыз.                                               

Жаңа кодекстің мақсаты – осы теңсіздікті жою. Құжатта соттың белсенді рөлі арнайы принцип ретінде бекітілген. Бұл соттың тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектелмей, істің барлық мән-жайын тыңғылықты зерттеуіне, дәлелдемелер жеткіліксіз деген жағдайда өз бастамасымен дәлелдемелер жинақтауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге әкімшілік орган өзінің дұрыстығын дәлелдеп, сот сұратқан құжаттар мен мәліметтерді беруі міндетті. Талап қоюшы азаматқа мемлекеттік органмен салыстырғанда әлсіз тарап ретінде көмектесе отырып, сот іс бойынша шындыққа жетуге, заңдылық пен әділдіктің сақталуына ықпал етеді.

Сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып, дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін 10 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақытылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақытылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкіміне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот 20 АЕК дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады. Аталған мәжбүрлеу шарасы, ескерту мен сот залынан шығарып жіберу тараптарды өз құқығы мен міндетін тиісті түрде орындауына ықпал етеді. Сонымен қатар бұл әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза, әкімшілік жауаптылыққа тарту болып саналмайды.

Қорыта келе, ӘРПК-тің негізгі міндеті жеке және заңды тұлғалардың жария құқығын, бостандығы мен мүддесін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдде теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады

БҚО, Бөкей ордасы аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы

Қуандық Молдағалиев

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив