Тараптар медиация тәртібімен татуласты

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

 

Бөкей ордасы аудандық сотының өндірісіне талапкер Б.-ның жауапкер А.-ға некені бұзу туралы талап қою арызы қабылданды.

Іс құжаттарында белгілі болғандай, талапкер Б. жауапкер А.-ның арасында отбасылық келіспеушіліктері туындап, осының салдарынан талапкер Б. некені бұзу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Алдын ала сот отырысында, сот тараптарға бірін-бірімен татуласу және олардың арасындағы дауды шешу үшін медиаторларға жүгінуді ұсынды.

Нәтижесінде, талап қоюшы Б. мен жауапкер А. медиатордың көмегіне жүгінгендерін және медиатор арқылы өзара келісімге келгендерін, медиация тәртібімен жасалған келісімді бекітіп, істі тоқтату туралы арызын сотқа жолдады.

Сотпен тараптардың ұсынған кәсіби емес медиатор И.Ф.Беккалиевтың қатысуымен талапкер Б. мен жауапкер А.-ның арасында келісілген дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, осы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Медиация тараптарды татуластыру кезіндегі рәсімнің бір түрі.

Дауды жан-жақты және тараптардың өздерінің ерікті келісімдері арқылы медиаторлардың қатысуымен шешу бүгінде дау-дамайды азайтудың негізгі  жолы болып табылатындығын айтқым келеді.

Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Зияш Зайнуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив