Тәуелсіздік –тәңірдің сыйы

Тәуелсіздік –тәңірдің сыйы

Тәуелсіздік туы егеменді елімізде желбіреген күннен бастап еліміздің сот жүйесі көптеген  өзгерістерді бастан кешірді. Құқықтық база кеңейтіле отырып, сот төрелігіне қол жеткізу мүмкіндігі артты.

Ең маңызды құжат Президенттің 1995 жылғы 20 жел­тоқсандағы «Қазақстан Республи­ка­сындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол сот билігі және оны жүзеге асырудың кепілдіктері туралы конституциялық ережені бекітті әрі дамытты.

 Осы уақыт ішінде Сот жүйесінде көптеген өзгерістер болып, біртұтас кешенді түрде жұмыстар жолға қойылды. Мамандандырылған экономикалық және әкімшілік соттар (2002 ж.), кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар (2007 жылдан бас­тап), аса ауыр қылмыстар туралы істер қаралатын әскери және қылмыстық соттар (2010 ж.) құрылды.

Сот ісін жүргізу саласын реформалау және сот органдарын жаңғыртылып жатқан шаралардың бәрі - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қоғаудың тиімділігін арттыруда маңызы зор. Еліміздегі сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату - әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудегі талаптардың бірі.

    Бүгінгі күнге дейін Судьялар Одағының ұйытқы болуымен жеті рет съезд өтті. Алдыңғы өткен съездердің барлығы қазақстандық соттың бүгінгідей биікке жетуіне бастау болды. Өйткені осындай алқалы жиындардан кейін сот пен судьялардың жұмысын жандандыратын, қызметін жаңа сатыға көтеретін қаншама тұғырлы бастамалар қолға алынғанын, қаншама үздік реформалардың тәжірибеге енгізілді, қаншама заманауи заңнамалардың қолданысқа түскенін жұртшылық көріп-біліп отыр. 

Сонымен қатар, еліміздің сот жүйесі барлық заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін заманауи, құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде халықаралық стандарттарға сай билік саласының біріне айналды деп нық сеніммен айта аламыз.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы У.А.Айтжанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив