Мен сотта өз тілімде сөйлеймін...

Мен сотта өз тілімде сөйлеймін...

Кейде тараптар іс ресми тілде (талап арызға сәйкес) қозғалып, қарау басталғанда осылай пікірін білдіріп жататын жайттар орын алады. Бұл әрине қуантатын жағдай, бірақ өкінішке орай осы құқықтарын келісім-шарт жасағанда, кез-келген жеке және мемлекеттік органға арызбен жүгінгенде, ең қарапайым жағдай, дүкеннен тауар алғанда мемлекеттік тілде нұсқамасының, құрамының аудармасын сұратпайды. 

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңның 16-бабына сай, Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.

Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның 25-бабының 3 және 7-тармақтарына сәйкес, тұтынушының назарына тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, затбелгілерде немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге тәсілмен қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі.

Бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Тиісінше Заң нормаларымен аталған талаптар толық бекітілген.

Өкініштісі тұлғалар ресми орыс тілін толық түсінбестен, келісімге қол қойып, кейіннен міндеттерін толық орындамағандықтан сотқа шағым түсіп жатса, өзінен басқа барлығын кінәлі санап, уақыт жоғалтқаны үшін реніш білдіріп жатады. Егер тараптар өз құқықтарын міндеттеме туғаннан кейін емес, туғанға дейін қолданса, осындай жағдайдың салдарынан қозғалатын істер саны аз болатыны сөзсіз.

Азизхан Баймахан

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив