Жаңа буынды сот жүйесі – заман талабы

Жаңа буынды сот жүйесі – заман талабы

1991 жылғы 16 желтоқсан – қазақ халқының жадында мәңгі сақталып, ел тарихында алтын әріптермен жазылған айтулы күн екендігі анық. Себебі, осы күні Қазақ елі ресми түрде тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстанның тәуелсіз, егемен ел ретінде танылған жылдарында еліміз адам нанғысыз жетістіктерге қол артып, дамудың үлкен белесін бағындырды. Бұл тұрғыда ел тәуелсіздігін сот тәуелсіздігінен  бөліп қарауға болмайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесі тәуелсіздік туын көтерген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін құқықтық мемлекет құру мақсатында жүктелген міндетті абыройымен атқарып келеді. Себебі, сот жүйесінің абыройы – биліктің абыройы.

Сот саласын қайта құруға Елбасының ерекше мән беруінің астарында қарапайым халықтың мүддесін қорғаудағы соттың жұмысын одан әрі жетілдіру, сол арқылы оның ашықтығы мен қолжетімділігін және ең бастысы, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету өмірдің өзі қойып отырған талап екендігі күмәнсіз.                       

Қазақстан – тәуелсiздiкке жеткен алғашқы күндерiнен-ақ өзiнiң құқықтық жүйесiн белсендi қалыптастыруда. Кез келген қоғамдағы қарама-қайшылықты жоюға, адами қарым-қатынасты үйлестiруге, адамзаттың өмiрiн тұрақты етуге арналған тұлға – судья. Соттарда мыңдаған адамдардың тағдыры, өзара даулары шешiлетiн, олардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатыны баршамызға мәлiм. Сотардың қызметiнiң тиiмдiлiгi, олардың шығаратын шешiмдерiнiң әдiлеттiлiгi – әр мемлекеттiң демократиялық дамуының негiзгi көрсеткiшi.

Судьялар одағының VII съезiнде Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей: «Заңдылықты қорғайтын судья заңды бұзбауы тиiс. Себебi мұндай проблема орын алған жағдайда, ол мемлекеттiң барлық билiгiнiң беделiн түсiредi». Ал, Президентiмiз Қасым-Жомарт Тоқаев «Өз елiнiң сотына сенбейтiн жұрттың ұйқысы тыныш болмайды» демекшi, халқымыздың ащы терімен келген тәттi жемiс – тәуелсiздiктi сақтап қалу, соттардың «заң алдында барлығы бiрдей» принципiн нық ұстану тәуелсiздiктiң тұғырлы болуына септiгiн тигiзерi сөзсiз.

Ең бастысы, бiз бабаларымыз  аманат еткен  жерiмiзде   құрған  мемлекетiмiзде  ынтымағымызды сақтай бiлу. Соның арқасында  берекелi бiрлiгiмiз дүние жүзіне мәлiм болды, Қазақстан деген  абыройлы  мемлекет ретiнде  танылдық. Әр Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттiк тiлiн бiлу, барлық халықтардың дәстүрлерiн құрметтеу, өз Отанды қорғау керек. Себебi Қазақстан – бiздiң ортақ үйiмiз, бiздiң Отанымыз.

Қазіргі таңда ата-бабамыз аңсаған тәуелсіз мемлекетіміздегі тәуелсіз сот жүйесінің  ойдағыдай жұмыс жасауына толық жағдай туғызылғанын ашып айта аламыз. Заңдылық пен әділеттілік өркениетті елдің тірегі болса, оны іс жүзінде қамтамасыз ету әр судьяның, әр сот қызметкерлерінің басты міндеті. Осыған орай судьялар мен кеңсе қызметкерлеріне үнемі сот жүйесінің антына адал болу, білімдерін жетілдіріп отыру, тек заң мен арды басшылыққа ала отырып сапалы жұмыс жүргізу, халықпен байланыс кезінде ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету міндеттері қойылып келеді. Себебі, басты мақсат – құқықтық мемлекет құру жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас  шығару.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы

А.А.Муканов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив