Мақсат сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру

Мақсат сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру

Елбасының  «100 нақты қадам» атты арнайы бағдарламасында:

Сот жүйесіне барынша өзгерістер енгізу қажеттілігі айтылған. Яғни сот жүйесіне үлкен талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Сот саласын қайта құруға Елбасының бұлайша ерекше мән беруінің астарында қарапайым халықтың мүддесін қорғаудағы соттың жұмысын онан әрі жетілдіру, сол арқылы оның ашықтылығымен қолжетімділігін және ең бастысы, әділ сот төрелігін жүзеге асыру арқылы халықтың мүддесін қорғауды жүзеге асыруын қамтамасыз ету сияқты өмірдің өзі алға қойып отырған жоғары талап жатқаны күмәнсіз.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда сот саласында көптеген қайта құрулар жүргізіліп, сот саны жағынан да сапасы жағынан да көп биіктерге көтерілді.

Республиканың сот жүйесі осы жылдар аралығында құқықтық мемлекеттің стандарттарына және тәуелсіздікке қарай қарқынды қадам басты.

Қазақстанның сот құрылысын реформалаудың нәтижесінде бірінші сатыдағы соттар (аудандық және оларға теңестірілген соттар), апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар( облыстық және оларға теңестірілген соттар), сондай-ақ қадағалау сатысындағы сот – Жоғарғы Сот болды. Облыстық соттарда екі сот алқасы құрылған. Заңды күшіне енбеген сот актілеріне шағым келтіру үшін апелляциялық және заңды күшіне енген сот актілеріне  шағымдану үшін кассациялық сот алқалары қызмет етеді және қаралатын істерді бірінші сатылы соттарға қайта қарауға жолдауға тыйым салынуда. Ал, Жоғарғы Сотқа шағымдану үшін міндетті түрде апелляциялық және кассациялық сатылардан өту қажет.

Сонымен қатар, сот жүйесіндегі елеулі өзгерістің бірі яғни мамандануды дамыту сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады.  Қазіргі кезде  Республикада  экономикалық, әкімшілік, әскери, ювеналды соттар жұмыс істейді.

Мамандандырылған соттардың қызметі азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге,  нарықтық институттардың дамуына және  республиканың инвестициялық жағынан тартымдылығының артуына оң септігін тигізді.

Сот жүйесінде болған түбегейлі өзгерістер баршаның қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген тұлғалардың өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына кең жол ашты, азаматтардың сот билігіне деген сенімін күшейтті.

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын жүзеге асыру мақсатында сотта жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, оның ішінде электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыздар мен шағымдар беру болып табылады.

Халықпен жұмыс істеудің ақпараттық жүйенің ең тиімдісі ол «Сот кабинеті» жобасы, ол Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2014 жылы енгізілді. Ол сот органдарының онлайн-қызметінің жүйеленген сипатын көрсетеді. Азамат немесе оның өкілі-адвокат үйден шықпай, интернет арқылы арыз беруге, сот құжаттарын қарауға, сонымен қатар іс бойынша сот актілерін шығарып алуына үслкен септігін тигізуде.

Сот процесстерінде аудио-бейне жазба жүйесін жүргізу кең тәжірибеге енді.

Ол отырыстың қорытындысы бойынша құжаттарды дайындауды жылдамдатады, шаралардың объективтілігі бойынша сұрақтар алынады.

Жаңа технологияларды енгізу мен қолдану сот ісін жүргізуді қысқартады, сот қызметкерлері мен азаматтардың байланысын азайтады. Ол жемқорлықтың азаюына, халықтың уақыты мен қаражаттарын үнемдейді, біздің азаматтарымызға сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін кеңейтеді.

27 қаңтар 2012 жылғы Мемлекет Басшысының құжат айналымы мен есепті қысқарту мақсатындағы тапсырма бойынша іс-шаралар жоспарын орындауда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіне» (әрі қарай - ЭҚАБЖ) республиканың барлық соттарын қосу іс-шаралары жүргізілді.

Аталған жүйе электронды құжат айналымын қолдануды көбейтеді, сонымен қатар сот жүйесі органдарының басқа мемлекеттік органдармен қатынасына, қағаз түріндегі құжат айналымының азаюын қамтамасыз етті, сотқа жүгінудің механизмін жеңілдетті және талап арызды қабылдау және сот ісін жүргізу барысындағы процедураларды тездетті. 

Бүгінгі таңда Республикамызда сот жүйесінің реформасы одан әрі жалғасуда жоғарыда айтылып кеткен жаңалықтың бәрі сот реформасының ілгері жылжып келе жатқанының жарқын дәлелі.

 

Мұғалжар аудандық сотының судьясы                             

Н.Е.Кендирбаева        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Ana 19 сентября 2023 13:09

    Hello! I could have sworn I've been to this site before but after looking at many of the articles
    I realized it's new to me. Anyways, I'm certainly happy I came across it
    and I'll be book-marking it and checking back often!

    my webpage :: risedronate sin receta

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив