ТӘУЕЛСІЗ СОТ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕТІСТІГІ

ТӘУЕЛСІЗ СОТ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕТІСТІГІ

Егемендік алған 30 жыл ішінде еліміз әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп,  болашағы кемел елге айналды. Тәуелсіздіктің арқасында көк байрағымыз көгімізде желбіреп, егемен елдің рәміздері белгіленді. Тіліміз бен дініміз қайта оралып, елдігіміз танылды. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңаша даму жолына түскен жылдар ішінде елдегі барлық сала ілгерілеп, дамыды. Мұндай жетістіктерді сот құрылымынан да байқауға болады. Бүгінде әділетсіздік орын алған жағдайда судьяларға сенім білдіріп,  сотқа жүгінетін тұрғындардың  қатары артып келеді. Сот ісін жүргізуде ашықтық пен жариялылық принциптері сақталуда.  Осы орайда соңғы 10 жылда сот саласына енгізілген жаңашылдықтар мен реформалардың, тұрғындардың мүддесін қорғайтын кодекстердің бірқатарына тоқталып өтсек. 

Тәуелсіздік жылдары ішінде соттардың тәуелсіздігі мен судьялардың  мәртебесін арттыруда, сот құрылымы мен сот ісін жүргізуде түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстанда жаңаланған Қылмыстық, Қылмыстық процессуалдық, Қылмыстық атқару кодекстер енгізілді. Бұл қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер еліміздегі түрме халқын азайтуға септігін тигізетін, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындауды көздейтін сот тәжірибесінің жаңа бағыт-бағдарын айқындады.

Оған қоса, даудың әрбір сатысында тараптардың татуласу мүмкіндіктері қарастырылып, жаңа элементтер енгізілген жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс қабылданды. Кодексте азаматтық процестің базалық институты, соттардың мамандандырылуы, сот актілерінің қайта қаралу тәртібі мен қағидалары сақталған. Бұл жаңашылдықтар қос тараптың құқықтары мен мүдделерінің уақытылы шешілуін, сот актілерінің сапалылығын арттырып, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сот саласының басты жетістіктерінің бірі деп жаңа технологияларды енгізу мәселесін айтар едік. Бүгінде еліміздегі  барлық сот отырысы залдары аудио-бейне тіркеу жүйесімен 100 пайызға жабдықталды. «Сот кабинеті» атты ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік пен ашықтықты қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап-арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. «Төрелік», «Дыбыс-бейнежазба», «Сот кабинеті» секілді бағдарламалар сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі сот төрелігінің  ашықтығын қамтамасыз етуде. Нәтижесінде судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар екі есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда да көп септігін тигізуде.

Егемендік алғаннан бері судьялардың республикалық 8 съезі өтті. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын бұл жиында судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту, жаңа судьяларды іріктеу және қызметтегі судьяларды бағалау секілді соттағы толғандырған мәселелер талқыланып келеді. Съезд аясында тың жобалар да жүзеге асуда.

Дауды сотқа жеткізбей бітімгершілік жолмен шешудің баламалы жолы – медиацияның  да сот ісін жүргізуде қосар үлес зор. Биыл  1 шілдеден бастап елімізде екі бөліктен: Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізуден тұратын Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілген еді. Кодекстің негізгі міндеті - азаматтардың құқығы мен бостандығын әкімшілік органдардың заңсыз әрекетінен қорғау. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі істерді қарайтын жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды. Сот жүйесі мен  судьялардың мәртебесі артып келеді. Судьяға істі қарау кезінде белсенді болуға мүмкіндік берілді. Егер ұсынылған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы. Сондай-ақ Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, судьялар съездерінде берген тапсырмалары, «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламалары  еліміздегі  сот жүйесін жаңа арнаға бұрды.  

Сот төрелігінің сапасын арттыру бағытындағы реформалар, кодекстерге енгізілген өзгерту мен толықтырулар, тың жобалар, заманауи технологиялар халықтың сотқа, құқық қорғау құрылымдарына деген сенімін арттырды. Жалпы айтқанда, тәуелсіздікпен бірге түлеген тәуелсіз сот саласының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес. Әділ сот төрелігін жүзеге асыру бағытында әлі талай жетістікке жететініміз анық.  Ең бастысы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, егемендігіміз нығая берсін.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық сотының төрағасы

Роза Есболсынқызы Сариева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив