Тәуелсіздік еліміздің мәңгілік мұрасы

Тәуелсіздік еліміздің мәңгілік мұрасы

 

 Тәуелсіздік бабалар аңсаған, ұрпақтың қолы  жеткен киелі кезең. 

 Тәуелсіздік таңбасы -таста, қаны -қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 
    Бүгінде, еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі-30 жыл уақыт өтсе керек. Отыз  жыл ішінде үстінде. Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі десекте болады. Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Бүгінгі күннің жетістіктері осы Тәуелсіздіктің арқасында келді. Отыз жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму

1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы құрылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, елімізде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған. Осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайта түсетін боламыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасының ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Біздің Ата Заңымыз-негізгі тәуелсіздік нышандарының бірі. Қазақстанның өз мемлекеттік рәміздері бар.

Рәміздеріміз-Ту, Елтаңба, Әнұран-егемендіктің, бостандықтың, ата-дәстүрлеріміздің, тәуелсіздіктің нышаны болыды. Біздің бүгінгі жетістігіміз,   ертеңіңіміздің, еліміздің болашағы, мүмкіндігі зор, мақсаты айқын. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап берумен тең. Тәуелсіздігіміз ресми жариялағаннан бастап көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президенттің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасы. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашағына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.Тәуелсіздіктің бүгінгі жетістігі – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген уақыттар. Еліміздің әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Қазақстанның ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иеміз. Қоғамдық өмір сабақтары мен еліміздің мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр.

Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Артқа тастаған отыз жылдың ішінде бір мемлекетке жетерлік іс тындырылып, қойылған талап-мақсттары жүзеге асырылды. Елдің экономикалық жағдайы жақсарып, рухани әл-ауқаты жоғарлады. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық саласына аса мән берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, құқықтық мәдениетіміз арта түсті. Біз қазір қандай межеге жеткен болсақ, жеткен жетістігімізді 30 жыл ішінде ұрпақ жадында қалдырып, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен дәстүрін өскелең ұрпаққа дәріптеу өз қолымызда. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.К. Ахонова        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив