Сотта дөңгелек үстел іс-шарасы өтті

Сотта дөңгелек үстел іс-шарасы өтті

 

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық  істер  жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында онлайн форматта «Соттағы өкілдіктің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.

Іс-шараға БҚО Әділет  департаментінің және БҚО Заң консультанттары палатасының өкілдерімен кеңсе мамандары қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасының м.а. Б.Ермаханов сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен белгіленгенін, заң консультанты жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылатынын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алатынын, өкіл сотқа қатысу үшін заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатты ұсынатынын, уәкілетті орган – Әділет министрлігі заң консультанттары палаталарының тізілімін электрондық форматта жүргізетінін  атап өтті.

Сонымен бірге, заңнаманың көрсетілген нормаларын қолдану практикасы өздеріне заң консультанты мәртебесін заңсыз иемденген, іс жүзінде осы палаталарда есепте тұрмайтын немесе уәкілетті органның тізіліміне енгізілмеген палаталарда тұратын адамдарды соттарға қатысуға жіберу фактілерінің болуын көрсетеді.

Бұдан басқа, жалған, мерзімі өткен құжаттар бойынша өкіл ретінде соттарға қатысу жағдайы орын алып отырғанын айтты.

Дөңгелек үстел іс-шарасы барысында қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша пікір алмасты.   

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі

    

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив