Сотқа балама

Сотқа балама

Азаматтар күн сайын азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

Қазіргі әлемде адамдар күнделікті түсінбеушілікпен, өз құқықтарының бұзылуымен, шындыққа қайшылықтармен бетпе-бет келеді, бұл шиеленіс пен жанжалдың пайда болуына ықпал етеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығы – адамның ғана емес, бүкіл қоғамның басты құндылығы. Деніміздің саулығы өмірдегі барлық мақсаттарымызды жүзеге асыруға, табысты және бақытты болуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау саласында жанжалды жағдайлардың болуы, әдетте, азаматтардың медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге деген қанағаттанбауынан туындайды. Бұл жанжалды жағдайлар көбінесе сотқа дейін жетеді.

Жанжалды әртүрлі тәсілдермен шешуге болады, олардың бірі- медиация.

Медиация дауласушы тараптарды бір мақсатқа, жанжалды шешудің өзара тиімді жолын табуды көздейтін ынтымақтасушы тараптарға айналдырады.

Дәрігер жақсы маман бола тұра, жанжалдарды шешуге дағдыланбағандықтан, оның алдын алып, оны шеше алмайтын жағдайлар бар. Сондықтан туындаған даулар шешілетін жеке медиация кабинетін құру қажет.

Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін түсіндіру мақсатында Федоров аудандық сотының төрайымы Нүргүл Берликешева 2021 жылдың 26 қарашасында «Федоров аудандық орталық ауруханасы» МКК қызметкерлерімен, «Денсаулық сақтау саласында медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға билер кеңесінің мүшесі З.Шашкова, кәсіби медиатор Т.Черная қатысты.

Семинар барысында аурухана қызметкерлеріне медиация туралы түсіндіріліп, соттан тыс медиацияны жүргізу тәртібі, еңбек дауларын шешуде медиацияны қолдану мәселелері талқыланды, сондай-ақ жанжалды жағдайларды шешудің нақты тәсілдері талқыланып, медиация рәсімі аясында сапалы медициналық қызмет көрсетуге сараптама жасалды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, медиация институтын өз қызмет саласында қолдану және аудандық аурухана базасында медиация кабинетін ашу қажет деген қорытындыға келді. 

Федоров аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив