Медиацияның қоғам үшін тиімділігі

Медиацияның қоғам үшін тиімділігі

Батыс Қазақстан облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотында, медиация қолдану саласын кеңейту мақсатында, сот шарттық міндеттерден туындайтын даулар, залалды өндіру және медиация қолдану мүмкін басқа да барлық санаттағы істер бойынша сот өндірісін қозғаумен қатар бекітілген үлгіге сәйкес, тараптарға дауды медиация тәртібімен шешу туралы үнемі айтылуда.

Қоғамда түрлі таластардың туындап жататыны белгілі. Бірақ, соның барлығын сот арқылы шешу міндетті емес. Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына қол қойды.

Татуластыру рәсімдерін қолдану азаматтар үшін де, сот үшін де тиімді. Сотқа тиімді болатыны — бітімгершілікпен бітетін істер азаматтық істер санын азайтады. Сол арқылы судьялардың жүктемесі кеміп, басқа істерге көбірек көңіл бөлуге, бос уақытында ізденуіне жол ашылады. Сонымен қатар, тараптарды татуластыру азаматтар арасындағы сыйластықты сақтауға да ықпалды.

Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибеде медиацияның ірі бизнесстерден бастап, жанұялық дау - жанжалдарда, айрылысу мен ортақ мүліктерін бөлу мақсатында қаралатын азаматтық істерде қолдануылуы орын алып жатыр. Медиация практикасы бүкіл өркениетті әлемде кең таралған.

Осы медиация институты ретінде бітістірушілік тәжірибесі қазақ елінің тарихында болғанын атап өту қажет. Сондықтан, медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Бұл нағыз далалық демократияның жарқын көрінісі. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер, данагөй ақсақалдар әділ шешіп отырған. Бұл қазақ халқының ежелгі өмір сүру салтынан келе жатқан құндылықтар.

Осы жаңа енгізілген норманың құндылықтарын айтар болсық, медиация бір шешімге келгенде тараптар қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық серіктестік, қарым - қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді. Медияцияны сот немесе тәжірибелі медиаторлар жүзеге асырады. Медиатордың негізгі қызметі, жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш - жігерін салу болып табылады. Тараптардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болады деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сытрқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімдер тараптардың жеке арақатынастық мәселелеріне қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.

Қазақ елінде әуелі бастан даулар билердің қатысуымен екі жақтың келуісуімен шешіліп келген. Сондықтан татуластыру рәсімдерін сот билігінде қолдануды халық түсіністікпен оң қабылдап,өз арасындағы дауларды екі жақтың келісімімен шешуге ұйғарды. Нәтижесінде соттарда татуласу рәсімдерін қаралған істердің саны артуда.

Біздің мақсатамыз дауларды сотқа дейін реттеудің дұрыстығын халыққа түсіндіру,жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы заңдастыру болып табылады.

Татуласуға тараптар өздері ерікті болуы керек. Адамның ішкі көрінісінде жанжалды шешуге ұмытылыс болса, сыртқы көрінісінде оны жүзеге асыру үшін татуласу жөніндегі жазбаша арызы бола алады.

Татуласу-құқық саласында татуласуды бір жағынан кешенді құқықтық институт деп алатын болсақ, ал екінші жағынан құқықтық-қарым қатынасты тұрақтандыратын құқықтық тәсіл деп білеміз.

Б.Ш.Журабаев

БҚО МАЭС-ның сот судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Zak 12 апреля 2024 01:09

    Magnificent site. Lots of helpful info here. I'm sending it to some pals ans additionally
    sharing in delicious. And naturally, thank you to your sweat!


    Have a look at my site ... Reyna

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив