Тәуелсіздік –асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі!

Тәуелсіздік –асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі!

XXI ғасырдың ұлы жемісі-қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туының желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар. 

Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт сыйлады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-бабаларымз, бостандықты қанмен, термен алған.

Осы тұста елді еңіреткен азалы күндер жігерлі жастардың жүрегін қайнаған ашуға, кекке толтырды. Бұл 1986 жылғы «Желтоқсан қозғалысы» еді. Осыдан кейін- ақ Кеңес өкіметі ыдырап, 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз республика болып жарияланды. Бұл күн егеменді еліміздің туған күні деп алтын әріптермен жазылды. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар қасқая қарсы тұрды. Міне, қазақ халқы бабаларымыз армандаған тәуелсіздігіне, азаттығына осындай қиянат, азаптарды басынан өткеріп жетті. Азаттық жолында қазақ халқы қансырады, бірақ қаза болған жоқ, есеңгіреді, бірақ есінен айырылған жоқ, сүрінді, бірақ құлаған жоқ.

Бүгін де Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы- егемендігі бар.  

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында.          Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, ұясы – Қазақстан! Жасайбер Қазақстаным!

    Орал қаласының

    мамандандырылған

    тергеу сотының жетекші маманы

    Уюмдасова Альмира Аскаровна

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив