Тұңғыш Президент күнінің маңызы

Тұңғыш Президент күнінің маңызы

Өз елінің, адамзаттың күндіз-түні қамын ойлаған, оны бар ғалам құрмет тұтқан қазақтың – Назарбаев Нұрсұлтан атты Елбасы. Осы Елбасымыз нағыз үш қанатты қас қыран! Оның үш қанаты – өз елінің және әлемнің Өткені мен Бүгіні, алаулаған Ертеңі! Ол қандай құрметке, қандай сыйлыққа болсын лайық! Осы сөздің терең мәнін ұғайық! (Әубәкір Нілібаев) 

Елі үшін жанын беріп, Қазақстан атты жас мемлекетті қыран секілді қалықтатып, атағын төрткүл дүниеге шарықтатып келген, саясат сахнасында ойып орын алған Елбасы туралы ойды бастамас бұрын көкейімде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап іздеуді жөн көрдім. Елбасы... Осы сөзді естігенде міндетті түрде қатар айтылатын «елі сүйген», «елін сүйген» ұғымдарын неліктен қолданамыз? Осы дәрежеге жету үшін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел дамуындағы рөлі қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Біріншіден, қиын-қыстау заманда, Кеңестер Одағы құлаған шақта қыран қанатты елге тәуелсіздік сыйлап, тығырықтан шығарғаны үшін елі аса бағалайды. Енді осы әрекеті елін, жерін құрметтемеген адамның өне бойын жарып шығар ма еді? Әрине, жоқ. Демек, елі үшін жанын пида еткен Елбасын жанашыр деп атауымызға толық негіз бар. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген халық даналығының астарында осы ой жатыр.

Екіншіден, Қазақстан атты жас елді бүкіл әлемге танытып, саясат сахнасында бірнеше маңызды оқиғаларда бас болуға бастаған Елбасының салмақты саясатының арқасында еліміз оны асқақтатып келеді. Төрткүл дүниедегі елдермен тереземіз тең, керегеміз кең болып, айбынды ел болуға ұмтылысымыздың артында Н.Ә.Назарбаев тұрғаны белгілі. Бұл – әлемдегі территориясы бойынша 9-орынға ие елін сүйген Елбасының ғана қолынан келетіні айдан анық.

Үшіншіден, әр жыл сайын Жолдау жасап, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» сынды жалпыұлттық идеяларын алға тарта отырып, ел жүрегінің түкпірінен орын алды. Халықтың жағдайы жақсарып, азаматтық, рухани жетілген тұста осы негіздер бастамашысына алғысын айтып, «елі сүйген Елбасы» эпитетін қолдана бастадық. Халықтың күнкөріс қамын ойлап, тарихымыздың терең тамырларына бойлап келген Елбасымыз «Мәңгілік ел» болуды мақсат-мұрат ете отырып, нағыз патриот екенін таныта білді.

Ендеше, 1 желтоқсан күні аталып өтілетін Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығы да міне, осында. Елі үшін барын салып, дамыту жолында аянбаған білгір басшыны дәріптеудің өзіндік астары бар екенін аңғару қиын емес. Салмақты саясатымен ел басқару сахнасында ойып орын алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасы аман болсын!

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының бас маманы      

Ж.К.Токтаганова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив