Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз үшін айрықша мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнінің орны бөлек. 1991 жылы бірінші желтоқсанда тарихымызда алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Өйткені, президенттік басқару формасы мен тәуелсіздіктің 30 жылдық тәжірибесі біздің ел үшін осы басқару формасының тиімді екенін көрсетті, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілі тұратын ел бауырмал келеді. Байқағанымыз, мұнда абсолютті теңдік, интеллект және мәдениет жоғары бағаланады.   Президентіміз ел дамуының даңғыл жолын байыптайтын «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Салмақты құжатта тәуелсіздік тәжірибесі бағамдалып, болашақ еншісіндегі іргелі істер межеленді. 1997 жылы Елбасымыз: «Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистралі қандай болуы тиіс, соны анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек», – деген еді. Елбасының айтқаны айнымай келді. Содан бері Қазақстан халқы Президенттің басшылығымен еліміздің гүлденуі үшін еңбек етіп, күш-жігеріне сүйене, алға адымдап қадам басуда. Елбасы ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алды. Тәуелсіздікке жиырма жыл толмай жатып-ақ елімізді Еуропа төріне шығарып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен мемлекеттер ретінде мойындалып отыр. Дәлірек айтар болсақ, Қазақстан Республикасының жетiстiктерi мен экономикалық толымдылығы, халықаралық беделiнiң нышаны ретiнде – Азиада жалауының біздің елде желбіреуі, әлемдiк қауымдастық мойындаған Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және ЕҚЫҰ саммитінің елордамыз – Астанада өтуі, сондайақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарына төрағалығы мәселелерi бойынша салалық халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жетекші рөл атқаруы – бәрі де біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен абырой. Басқасы басқа, әлемнің 161 елінің дауыс беру қорытындысы бойынша Астана қаласы «ЕХРО2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің иесі атанды. Осынау тамаша табыстардың бастаушысы да, ұйытқысы да – Ұлт көшбасшымыз. Қазіргі таңда еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты. Себебі, осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктер Қазақстанның болашағын жаңаша межелеуге мүмкіндік беріп отыр.  Келе жатырған 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жолымыз нұрлы болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! 

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық сотының кеңсе меңгерушісі: Жаролла Серікжан Ғалымжанұлы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив