Сот саласының ардагерлерімен кездесу

Сот саласының ардагерлерімен кездесу

Қазақстан Ресупбликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Судьялар Одағының 25 жылдығы қарсаңында қызметке жаңа тағайындалған судьялардың сот жүйесі ардагерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР Судьялар Одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Руслан Жұмағұлов, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, ардагерлер мен жас судьялар қатысты.

Іс-шараны Орал қаласының №2 соты, Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымдары ұйымдастырды.

Шараны ашқан  Р. Жұмағұлов ардагерлердің өткен жолы жас ұрпақ үшін ерекше үлгі екенін атап өтті.

Әңгіме барысында ардагерлер өз тәжірибелерімен және пайдалы дағдыларымен бөлісіп, жас судьяларға тәуелсіздіктің басты кезеңдері туралы айтып берді.
"Сіздердің басты міндеттеріңіз-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Әр адам өз елінің Конституциясын білуге және оны әрдайым насихаттауға тиіс. Конституцияда барлығы егжей-тегжейлі жазылған, нормалар заңмен реттелген. Ұзақ жылдар бойы сот саласында қызмет еттім, судья болдым",-деп бөлісті облыстық соттың ардагер судьясы Қуаныш Әбуов.

Кездесу жиналғандар үшін әсерлі болды. Шара соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, үш сот ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив