Сот ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау туралы істі қарады

Сот ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау туралы істі қарады

Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді құқықтық қорғау мәселелері өзекті болып қала береді, өйткені олар азаматтың жеке басына, заңды тұлғаның беделіне тікелей байланысты.

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты жауапкер А-ға ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, моральдық зиянды өтеу туралы мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы талап қоюды қарады.

 Азаматтық істі қарау кезінде бұл ақпаратты талапкердің бұрынғы жұбайы таратқаны анықталды.

Істі объективті жан-жақты қарау үшін сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды.

Істі талқылау барысында жауапкер әлеуметтік желілерде таратылған талапкерге қатысты ақпараттың шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеген жоқ.

Сарапшының қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған мәтіндердің жалпы бағыты мен мағыналық мазмұны, қамтылған мәліметтерге, мазмұндау нысанына сәйкес, теріс пікірді қалыптастыру мақсатында жауапкердің талапкердің жеке басына қатысты теріс мәліметтерді хабарлауы ретінде айқындалады.

Мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда олар талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп танылады. Талапкерге қатысты айтылған сөздер қорлау болып есептеледі.

Сот шешім шығару барысында сарапшының қорытындысын ескерді, жауапкер К.-ны әлеуметтік желілерде таратқан ақпараттарын талапкер А.-ның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп таныды және жауапкерді бұл ақпаратты жоққа шығаруға міндеттеді.

К-дан талапкердің пайдасына моральдық зиян мен сот шығындарының өтемақысын ішінара өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы аудандық сотының судьясы Нұр-Сұлтан қаласы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив