Ар намысты, қадiр-қасиетті және іскерлік беделді сот жүзінде қорғау

Ар намысты, қадiр-қасиетті және іскерлік беделді сот жүзінде қорғау

Бүгінгі күні сөз бостандығы жария етілген заманда адам өз ойын еркін білдіре алады. Бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет желісі белсенді дамып тұрған кезде азаматтардың ар-намысы және қадір-қасиетіне, ұйымдардың іскерлік беделіне қысым жасалу қаупі бар. Ар-намыс дегеніміз азаматқа оның моральдік, іскерлік, отбасылық және өзге де қаисеттерінің негізінде қоғам тарапынан баға беру. Тұлғаның беделі және абыройы, сондай-ақ, күнделікті қолданылатын жақсы ат ұғымдарының  мәні бір біріне ұқсас. Қадiр-қасиет дегеніміз адамның өз құндылығын,                      өз қасиеттері мен қабілеттерін сезіну, яғни тұлғаның өзін-өзі бағалауы. Алайда егер де  ар намыс пен қадiр-қасиет тек азаматқа қатысты ғана қолданылатын болса, іскерлік бедел термині азаматқа да, заңды тұлғаға қатысты да қолданылады.

Азаматтық кодекстің 143-бабында егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратқан адам олар шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдей алмаса өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды сот жүзінде шындыққа сай келмейдi деп тануды талап етуге құқылы екендігі туралы айтылған.

Жеке тұлғаның не ұйымның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне озбырлану орын алғандығы туралы деген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін бірнеше жағдайлар көзделген.

Атап айтсақ, аталған құқық бұзушылықтың орын алуы үшін тұлғаны масқаралайтын мәліметтердің таратылуы шарт. Олар ауызша да, жазбаша да таратылуы мүмкін. Осындайда олар арыздашушының өзіне  емес, үшінші тұлғаға айтылуы тиіс. «Сот тәжiрибесiнде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысында (онан әрі – Нормативтік қаулы) азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтердің баспа жүзінде жариялануы, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарлануы, қызметтік және басқа да мінездемелерде, көпшілік алдындағы сөз сөйлеулерде, әртүрлі ұйымдарға жолданған арыздарда, хаттарда көрсетілу немесе өзге, соның ішінде ауызша түрде бірнеше тұлғаларға немесе бір тұлғаға болсын хабарлануы  азаматтар дың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәлімет терді тарату деп танылатындығы туралы айтылған

Сондай..ақ, мәліметтер жаман атқа қалдыратындай болуы тиіс.  Мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, абыройын немесе iскерлiк беделдiлiгiн заңдардың, қоғамның моральдық нормаларының сақталуы тұрғысынан қоғамдық пікірде немесе жекелеген азаматтардың пікірінде кемітетін мәліметтер.

Таратылған мәліметтер шынайы емес, ойдан шығарылған немесе арыз берген тұлғаға қатысты емес болуы міндетті шарт болып саналады.

Нормативтік қаулының 3-тармағына сәйкес АПК-тің 24-бабында және АК-тің 143-бабында көзделген тәртіпте сотың шешімдері мен сот үкімде рінде, тергеу органдарының қаулыларында және өзге де ресми құжаттарда келтірілген мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар қаралмайды, себебі заңда аталған құжаттарға шағым арыз келтірудің басқа тәртібі көзделген.

АК 141-ші бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі. Талапкер тек өзін масқаралайтын мәліметтерді жауапкер таратқандығын ғана дәлелдеуі тиіс, осындайда ол өзінің                                            ар- намысын және абыройын масқаралайтын мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігі туралы дәлелдемелер келтіруге құқылы. Егер де дәлелдемелер жеткіліксіз болсасот тараптарға қосымша дәлелдемелерді ұсынуға немесе оларды өз бастамасы бойынша сұратуға құқылы.  

Қорғаудың арнайы нысандары дегеніміз – мәліметтерді теріске шығару немесе жауап қайтару – осындай мәліметтердің таратылуына жол берген тұлғалардың кінәсінің бар немесе жоқтығына байланыссыз қолданылады.                     Ар-намысты, абыройды немесе iскерлiк беделдiкті қорғау үшін қорғаудың арнайы әдістермен қоса жалпы әдістерін де пайдалану мүмкіндігін растайды. Осындайда кеңінен таралған әдістер туралы айтылған, олар: залалдарды өтеу және моралды зиян үшін өтемақы төлеу. Ар-намысты, абыройды немесе iскерлiк беделдiкті бұзу нәтижесінде туындаған мүліктік және мүліктік емес зиян зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді реттейтін  нормаларына сәйкес өтелуі тиіс. Осы нормаларға сәйкес мүліктік зиян (шығындар) мәліметтер кінәлі түрде таратылған кезде ғана өтеледі, ал моральдік зиян кінә орын алғандығына не болмағандығына байланыссыз өтелуі тиіс.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2014 жылы республиканың соттары                        ар-намысын, абыройын немесе iскерлiк беделдiлiгiн қорғау туралы                           552 азаматтық істі қозғаған. 321 істі қарау нәтижесінде шешім шығарылған, олардың ішінен 127 бойынша талап арыз қанағаттандырылсын деген  шешім шығарылған. 85 қаралған іс бойынша өндірісі тоқтатылған, олардың ішінде 42 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалған.

Осындай санаттағы істер бойынша соттардың шешімдеріне сәйкес өндіртіп алынатын жалпы сома 23 071 718 теңгені құрайды.

2015 жылы қаралған істер статистикасы келесідей: 523 іс қозғалған, олар бойынша 269 шешім шығарылған, шығарылған шешімдердің 104 шешімінде талап арыздар қанағаттандырылған. 80 іс тоқтатылған, олардың ішінде 36                   іс бойынша бітімгершілік келісім жасалған. Сот шешімдеріне сәйкес 56 470 754 теңге өндіртіп алынған.

Статистикалық мәліметтер азаматтар мен заңды тұлғалар өзінің қорғау құқығын белсенді түрде пайдаланындығын көрсетті. Тиісінше, Қазақстан Республикасында ар-намысты, абыройды немесе iскерлiк беделдiлiк сот жүзінде қорғау институты тиімді қызмет етуде деген қорытынды жасауға болады.

 

Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы    Джумаев Д.Т.    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив