Сот ісін жүргізу тілі.

Сот ісін жүргізу тілі.

Сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманың талаптарын сақтамау процестік заңды елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғуы мүмкін.

  • Қылмыстық және азаматтық сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу;
  • Мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілін немесе басқа да тілдерді қолдану мүмкіндігі;
  • Қылмыстық пен азаматтық процессті жүргізуші органның қаулысы негізінде сот ісін жүргізу тілі белгілеу;
  • сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамның ана тіліне немесе ол білетін басқа да тілде өтініш жасау, түсінік және айғақтар беру, өтініш білдіру, шағым жасау, істің материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу қүқығы;
  • Сот ісі жүргізілеті тілді білмейтін адамның белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалануға қүқық;
  • процессті жүргізуші адамдардың іске қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған қажетті тегін аударылуын; аудармашы қызметін тегін пайдалануын қамтамасыз ету;
  • процеске қатысушыларға сот ісін жүргізу тіліндегі қажетті қүжыттарды тапсыру;
  • сот ісін жүргізу тілін білмейтін процеске қатысушыларға қажетті қүжаттармен қоса сол қүжаттардың аудармаларының куәландырылған көшірмелерің қоса тапсыру.

         Сот ісінің мемлекеттік тіл принципінің мәні оның басқа демократиялық негізі - соттың жариялылығын іс жүзінде қамтамасыз етілуінің қажетті шарты болып табылуында.  Қазіргі кезеңде үлттық тіл принціпінің орындалуы азаматтық сот ісіндегі ерекше өзекті мәселеге айналуда. Аталған принціпінің іске асырылуын реттейтін қүқық нормаларын қатаң сақтау, сот ісі жүргізілетін тілді меңгермейтін іске қатусышы түлғаларға сыпайлықпен қарау, менің ойымша, наразылықтардың алдын алып, келіспеушілік орын алған жағдайларды өршітуші себептердің жойылуына ықпал етуі мүмкін.                                         

 Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді.

Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының   талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтайды.

Сот талап қоюшыдан   тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтінішхаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

Ақмола гарнизоны әскери сотының сот приставы М.Газезова

        

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив