Сотқа дейін материалдар мен істерді дайындау барысында тіл принципін сақтау

Сотқа дейін материалдар мен істерді дайындау барысында тіл принципін сақтау

Сот ісін жүргізу тілі – сот төрелігін іске асырудың негізгі аспектілерінің бірі және сот ісін жүргізу тілінің маңызы өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы барлық азаматтарды сот алдында теңдігі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ішкі құжат айналымы және сотқа дейін материалдар мен істерді рәсімдеу барысында мемлекеттік тілдегі құжаттарды сауатты әзірлеу сапасына аса назар аудару қажет. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілін немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

 Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Азаматтық сот ісін жүргізуде тілді қолданудың еркіндігі, конституциялық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да, оны тек қана азаматтық іс жүргізу құқығының аясында қарастыру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сот ісін жүргізудің конституциялық құқықтық қағидаларының негізгілерінің қатарына жатады деп санаймын.

 

Галлемова А.

Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив